Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұтынушы текке арызданбайды - АРҚА АЖАРЫ

Тұтынушы текке арызданбайды

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы қабылданғанына 25 жыл өтті. Бұл Заң осы салада да өзінің маңыздылығы мен өзектілігін растады.

Бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Нарықтық экономикада әр азамат тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде өз құқығын қорғай алады. 2017 жылдың 15 наурызында қоғам «Цифр дәуіріндегі тұтыну құқықтары» ұранымен Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнін атап өтеді. Осы күннің қарсаңында аумақтық басқармаларда, соның ішінде Көкшетау қаласында биылғы жылдың 13 наурызы күні, сағат 10.30-да «Орталық базар» акционерлік қоғамында, 14 наурыз күні, сағат 10.30-да «SMALL» көтерме маркетінде акциялар өткізілді. Осындай акция  15 нау-
рыз күні, сағат 10.30-да жедел зертхананы қолдана отырып, «Жеке батыр» сауда үйінде де өткізілмекші. Акцияда тұтынушы бөлшек-сауда, қауіпсіз тағам өнімдері, талап-арыз жазу, тағам өнімдерін дұрыс таңдау, таңбалауға назар аудару бойынша ақыл-кеңестер ала алады. Сонымен қатар, жоғары, орта, арнайы орта оқу орындарында сынып сағаттары, факультатив, ата-аналар жиналыс-тары өткізіліп, лекциялар, шығармалар мен әңгімелер жазылады.  
Биылғы жылдың 15 наурызында облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде «Ашық есік күні» өткізіліп, кеңес беру орталығы жұмыс істейді. Азаматтарды департамент басшысының орынбасары  Әділхан Кәрімбаев пен «Облыс тұтынушыларының құқықтарын қорғау» қоғамдық бірлестігінің  төрағасы Серік Мақышев қабылдап, өтініштерін тыңдайды. Өтініштер бойынша шешім қабылдап, кеңес береді. Хатқа жауап, сот өтініштерін дайындау тәрізді өзге де әдістемелік көмек көрсетеді. Осындай іс-шаралар барлық аумақтық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларында өткізіледі. Қабылдауға  
8 (7162) 266740, 8 (7162) 265588 телефондары арқылы хабарласуға болады. 2017 жылы азаматтарды қабылдау кестесі  департаменттің akmolakzpp.gov.kz сайтында жарияланған. Бұдан басқа, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңесті  8 (7162) 266740 «жедел желі»  телефоны арқылы ала аласыздар.
Айнагүл МУСИНА,
облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау  департаменті басшысының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар