Басты міндеттер қаралды

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген  аппарат кеңесінде Елбасының Ақмола облысына жұмыс сапары барысында жүктеген бірқатар міндеттерін іске асыру жолдары қарастырылды.

Кеңеске облыстық мәслихаттың хатшысы, облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімінің аппарат қызметкерлері, облыстық департаменттер мен басқармалардың, ұлттық компаниялардың басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Облыс әкімі өз сөзінде жиналғандарға Мемлекет басшысының Ақмола облысына жұмыс сапары барысында облыс алдына  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді және өңдеуді арттыру, шағын және орта бизнестің мүмкіндіктерін кеңейту, туризм индустриясын дамыту және ғылыми әлеуетті пайдалану есебінен еңбек өнімділігін жақсарту жөнінде төрт басты міндет қойғандығын атап өтті.
Аймақ басшысы мұның бәрі Елбасы тарапынан жүктеліп отырған үлкен міндеттер екендігіне, сондықтан, осыған басты бағыт ұсталуы қажеттігіне тоқтала келе, осы орайда, атқарылатын іс-шаралардың бәрін, олардың орындалу мерзімін  көрсете отырып, тез арада нақты жұмыс жоспарын жасау туралы тапсырма берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар