ЭКСПО-2017-ге билеттер сатылады

Көкшетау қаласындағы «РИО» сауда ойын-сауық орталығында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне билет сататын арнайы касса ашылды.

Аталмыш көрме кассирі Әйгерім Бекмағамбетованың айтуынша, бұдан  былай көкшетаулықтар ЭКСПО-2017 көрмесіне баратын билетті алысқа бармай-ақ, осы жерден сатып алуларына болады.
– Касса  ағымдағы жылдың 8 наурызынан бастап, 10 қыркүйекке дейін демалыссыз жұмыс істейтін болады. Билет құны 4000-8000 теңге аралығында. Егер сіз арнайы бір күні белгіленген билетті алғыңыз келсе, оны жұмыс күндері 4000 теңгеге, ал, демалыс күндері 6000 теңгеге сатып аласыз. Ал, әзірге күні белгіленбеген билеттер құны 6000-8000 теңге аралығында сатылуда.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі адамдар, жетімдер көрмеге тегін бара алады. Ал, мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және көп балалы отбасыларға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Осындай кассалар Қарағанды, Павлодар, Өскемен қалаларында да ашылды. Наурыздың 12-і күні  Шымкент, Тараз, Талдықорған, Қызылорда қалаларында, 25 наурызға дейін еліміздің барлық өңірлерінде ашу жоспарланған, – дейді Әйгерім Бекмағамбетова.
Оған қоса, ЭКСПО-2017 билеттері ресми билет сайты,  «Меломан» дүкендер желісі және «Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелерінде де сатылуда.
Аслан ОСПАНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар