Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Маңызды жұмыс нәтижесі - АРҚА АЖАРЫ

Маңызды жұмыс нәтижесі

Ақмола облыстық  Қоғамдық кеңесінің мүшелері атқарушы биліктің 2016 жылғы жұмыс қорытындыларына оң баға берді.

Кеше Қоғамдық кеңес мүшелері  облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің аймақтың 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебін тыңдады.
Еске сала кетсек,   Қоғамдық кеңес аймақта Мемлекет басшысының Ұлт жоспарының 99-қадамын орындау мақсатында өткен жылдың басында құрылған болатын.
Аймақ басшысы өз есебінде атап өткеніндей, өткен жылы облыста өнеркәсіп, аграрлық және әлеуметтік салалардың дамуында ілгерілеушілік байқалды. Облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін  одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін айта келе, облыс әкімі бірлесіп атқарған  жұмыс үшін Қоғамдық кеңес мүшелеріне ризашылығын білдірді.
Жұмыс қорытындысын шығара келе, аймақ басшысы айтарлықтай қысқа мерзімде атқарушы билік пен азаматтық қоғам арасында тиімді диалогтық алаңға айналған Қоғамдық кеңес жұмысының маңыздылығын атап өтті. Бұған қоса, Мәлік Мырзалин Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысымен алға қойылған міндеттер туралы айтып берді.
Облыс активімен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ғылыми әлеуетті пайдалану есебінен өнімділікті арттыру, шағын және орта бизнес пен аймақтың туризм саласының мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде аймақ алдына бірқатар міндеттер қойғандығы белгілі.
Аймақта барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестерде қоғамның әртүрлі санаттарынан 266 адам жұмыс істейді. Өткен жылы облыс бойынша Қоғамдық кеңестермен 200-ден астам мәжіліс өткізіліп, оларда қоғам мүддесін қозғайтын кең ауқымды мәселелер қаралды.  
Облыстық Қоғамдық кеңестің комиссия мәжілістерінде 2015 жылдың бюджетін орындау және оны орташа мерзімді кезеңге жасақтау жөнінде атқарушы органдардың жұмысы мұқият саралана түсті. Сондай-ақ, кеңес мүшелері тұрғындардың жер мәселелеріне қатысты пікірлерін зерттеп, саралаумен айналысты. Осы жұмыстардың нәтижесінде  жер реформасы жөніндегі республикалық  комиссияның қарауына бірқатар ұсыныстар жолданды.
Тұтастай алғанда облыстық деңгейде 350 құқықтық актілердің жобалары қаралды, ескертпелермен және ұсыныстармен қайта қарауға 50-ден астам жоба қайтарылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар