Наурыз-жаңару

Жаңару.  Ұлыс күні аспан денелері бастапқы айналу нүктесіне келеді. Мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңарады.

Осыған сәйкес адамдар да шашын алып, сақал мұртын күзеп, жуынып шайынып, ақ көйлек пен су жаңа киінеді. Тазару үшін Көктөбенің басына көтерілген азамат «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген асқаралы түсінік бойынша, өткен жылына есеп беріп, ары алдында арылады.
Ел билеген көсемдер «Жақсылыққа жақсылық – жай адамның ісі, жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі», «Тас атқанға – ас ат» деп ту көтеріп, ат құйрығын кесісіп, араға жік түскен бауырлас ел руларын дастарқан басында табыстырып, татуластырады. Аты аталып, түсі түстелген «Тепе теңдік», «Игілік», «Жаңару»   үшеуі қоғамда орын тауып, тоқайласқан сәтте халқымызға құт қонып, ұлтымызға рух ұялап, ел басына бақ қонып, ел ішінде береке орнайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар