Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әкімшілік істер - АРҚА АЖАРЫ

Әкімшілік істер

мемлекеттік тілде аз қаралады. Неге?..

Ата Заңымыз және «Тіл туралы» заң арқылы мемлекеттік мәртебесі бекітілген  қазақ тілінің қай салада болмасын қолданылу аясын кеңейту аса маңызды міндет. Сот істерін мемлекеттік тілде жүргізу Конституция талабы. Мемлекеттік тіл еліміздің барлық аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады.
Бүгінде сот жүйесінде іс қағаздары толықтай мемлекеттік тілде жүргізіледі, сот ғимаратында сот құжаттарын рәсімдеу үлгілері заңға сәйкес екі тілде көрсетіледі. Қазақ тілін дамыту аясында мемлекеттік органдармен хат алмасу тек қана мемлекеттік тілде жүргізіледі. Мамандарды мемлекеттік қызметке қабылдар алдында олармен қазақ тілінде әңгімелесу өткізіледі.
Бізді қынжылтатыны, жыл өткен сайын мемлекеттік тілде қаралатын әкімшілік істер санының көбеймеуі. Мысалы, Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2016 жылдың 12 айында қаралған әкімшілік істердің саны – 3092 болса, олардың ішінде мемлекеттік тілде түскен арыздың саны небәрі – 34 қана. Бұл әлі де болса азаматтар арасында мемлекеттік тілде арыз-шағым беруге ынтаның жоқтығын аңғартады. Заң бойынша, талапкер арызды қай тілде жазса, сот ісі сол тілде қаралады. Жоғарыда келтірілген мәліметтен көріп отырғанымыздай, мемлекеттік тілде арыз беретіндер қатары өте аз. Бұл арада ең алдымен, азаматтардың өз ана тілдеріне, мемлекеттік мәртебе алған қазақ тіліне деген құрмет сезімі болуы керек секілді. Мемлекеттік тілдің өз деңгейінде қолданылмай отыруына да сол адамдардың өздері себеп болып отырғанын осы жайдан бағамдауға болады. Әрбір азамат мемлекеттік мәртебе алған қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге өз үлесін қосса, сонда ғана мемлекеттік тілдің мерейі үстем болмақ.
Риза ЗАРДЫХАН,
Көкшетау қалалық
мамандандырылған әкімшілік
сотының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар