Жастар жігері қуантады

Аудан орталығында Мемлекет басшысының  Жолдауын қолдауға арналған акция өтті. Оған жастар ұйымдарының өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Физика пәнінен аудандық конкурстың жеңімпазы №1 Балкашин орта мектебінің 10 сынып оқушысы Максим Деобальд  «Біздер, жастар ертеңгі болашағымызға сеніммен қараймыз. Білім саласындағы жаңғыртулар заман ағымына сай сапалы білім алуға негіз жасауда», –  деді. Аудандық еңбекпен қамту орталығының маманы Алмас Балташев өз кәсібін ашқысы келетін жастарға барлық мүмкіндік бар екендігін, мемлекет тарапынан қолдау жасалатынын айтып, нарық талабына сай мамандық алғысы келетін жастардың тегін білім алуына жағдай жасалып отырғандығын атап өтті. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ауданда  жалпы сомасы 436,6  миллион теңгенің 192 жобасы қаржыландырылса, солардың 40-ы жас кәсіпкерлерге берілді. Ауданға келген 17 жас маман 28 миллион 634 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алғанын да атап өткен жөн.
Өткен жылы Каменка селосындағы агротехникалық колледжге оқытушы болып келген жас маман Гүлнәр Есболова «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы шеңберінде жастарға жасалып жатқан жеңілдіктер жайында айтты. Аудандық тілдерді дамыту бөлімінің маманы Әділбек Балтабеков үш тұғырлы тіл саясатының мәні туралы әңгімелесе, еңбек ардагері Людмила Петрова аудан жастарының жетістіктері, әсіресе, биыл қыста өткен Универсиада ойындарындағы жас спортшылардың жеңістері жайында тебірене айтып берді. Шараны қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Гүлнәр Қадырова аудан жастарының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып отырғандығын айтып, жастарға табыс тіледі.
Шара соңында Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерге орай акцияға қатысушылар аудан жастарына арнап үндеу қабылдады.
Татьяна БОРОНА,
Сандықтау аудандық ішкі саясат
бөлімінің маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар