Сәбиіңіздің тегін дұрыс жазғыңыз келсе…

«Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы» Ережеге сәйкес жаңа туған баланы тіркеу кезінде оның тегі ата-анасының тегі бойынша жазылады.

  Ата-анасының тектері әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-анасының қалауы бойынша баланың тегі көбінесе ұлттық дәстүрлерді сақтай отырып, әкесінің немесе атасының атына жазылуы мүмкін. Баланың тегіне қатысты ата-анасының келіспеушілігі туындайтын болса, мәселе сот арқылы шешіледі.
Тууды тіркеу кезінде ұлты қазақ адамдардың аттарын, әкелерінің аттарын және тектерін үш мүшелік антропонимдік белгілеу жүйесі: аты, әкесінің аты, тегі бойынша дұрыс жазуға және айтуға назар аудару керек. Сонымен бірге, адамдардың қалауы бойынша қазақтардың тектері мен әкелерінің аттарын жазу кезінде қазақ тіліне жат -ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -ины, -и, -на, -овна, -евна, -ович, -евич секілді жұрнақтар алып тасталып, олардың орнына «-ұлы», «-қызы» жалғаулары қосылып, бірге жазылады.
Әкесінің аты баласына тегі ретінде берілетін болса, онда тегі міндетті түрде бірінші орында, одан кейін аты жазылады.
Тегінің айтылуы қолайсыз естілетін жағдайларда, сондай-ақ, қазақтардың тұрмысында кездесетін шығыс антропонимі дәстүрлерін құрметтей отырып, тегін белгілеу кезінде өз еркі бойынша «и» әрпін қосып жазуға жол беріледі, мысалы: Қошқарова Сара Әкімовна –Қошқари Сара Әкімқызы.
Текке «тегі», «ұрпағы», «немересі», «шөбересі» сөздерін және тағы да басқа сөздерді қосып жазуға жол берілмейді. Аты-жөніңізді дұрыс
жазғыңыз келсе, заңда көрсетілген ережені сақтауды есіңізден шығармаңыз.

Әмина РАҚЫМОВА,
Көкшетау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар