7 жағымсыз әдет

Шәми Шәбітайқызы өмірдің қадір-қасиетін жақсы түсінетін кісі. Жұбайы, белгілі ғалым  Айтқажы Қазбеков геология саласы мен қазақша жер-су атауларын зерттеуде соңында үлкен із қалдырған.

Сондай-ақ, бұл кісілер  Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекованың  ата-анасы екенін де айта кетсек артық емес. Төменде біз Шәми апайдың «Ғұмыр ғибрат» кітабынан алынған мына бір ой тұжырымына газет бетінен орын бергенді жөн көрдік.

Пайдакүнемдік: мұндай адамдар тек жұрттан алуды көздейді. Пайда түсетін жерде мұндай адамдар, тіпті, актер болып кетеді. Өз пайдасы үшін алдындағы затты асыра мақтап, ал өзі базарға барса, үйге құрқол келе береді.
Тәкәппарлық: Тәкәппарлық – жақсылық әкелмейтін қасиет. Тәкәппар адам өз-өзін іштей жоғары санағанмен, өзге адам оны жақсы бағаламайды.
Әдепсіздік: Өзінен үлкен адамды құрметтеп, кішіге ізет көрсетпеу әдепсіздікке жатады, бірақ, ол адамның санасына кіріп те шықпайды.
Дөрекілік: Адам жаны бір ауыз жылы сөзге жылынып, бір ауыз жаман сөзге суынады. Дөрекі адамдар ойына не келсе, соны айта салады. Көшеде тасқа сүрініп кетсе, оны да қарғап-сілеуге әзір. Адамның сәлеміне жауап беруге де ерінеді. Біреуді ұзақ күтуге шыдамы жетпейді.
Мылжың: «Басқа пәле – тілден» деген сөзге көп адам мән бере бермейді. Егер «Пәленше қандай адам?» деп сұрай қалса, ол жайлы толық білетін адамдай айта жөнеледі. Егер әңгімелесуші қайтуға асығыс екенін айтса, мылжың оның үйіне дейін еріп баруға әзір.
Өсекшілдік: Бәленің басы бір ауыз артық айтылған әңгімеден басталады. Жұрттың көзінше жаңа ғана шығып кеткен адамды жамандай жөнелуге бейім, ал бір бастаса, ол адамға қоса туыстарын да балағаттаудан тартынбайды.
Мақтаншақтық: Мақтаншақтық қасиеттің ешкімге зияны жоқ, бірақ, Абай атамыз айтқандай, бес дұшпанның бірі. Мұндай адам үшін қит еткеннің өзі мақтаныш. Болмашы нәрсенің өзін сөз етіп, мақтанып отырады.
Адамды жағымсыз көрсететін 7 дұшпан. Осы жетеуінен аулақ болыңдар.

Шәми Шәбітайқызы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар