Салмағы 730 грамм

сәбидің жүрегіне ота жасалды

Облыстық перинаталдық орталықта алғаш рет салмағы  730 грамм сәбидің жүрегіне ота жасалды деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сәби үстіміздегі жылдың 30 қаңтарында шала туған. Астана қаласындағы кардиохирургиялық орталықтың кардиохирургы Б.Нүркеев пен анестезиолог А.Қабақанова өлім мен өмір арасында жатқан бейкүнә сәбиге медициналық көмек көрсетуге барын салды. Бұл туралы Ақмола облысының бас неонатолог дәрігері Наталья Чжен мәлім етті.
– Сәби ашық артериялық түтік диаг-нозымен дүниеге келген. Ол туғаннан бері жасанды аппарат арқылы дем алды және салмақ қоспады. Ешқандай оң өзгеріс болмаған соң, ашық түтікті жабу туралы шешім қабылданған болатын. Нәтижесінде білікті дәрігерлердің жасаған отасы сәтті аяқталды. Қазір баланың жағдайы жақсы. Салмағы  бір келі 276 граммға жетті және алаңдайтын ештеңе  жоқ. Сондай-ақ, дәрігердің
айтуынша, облыста ана мен бала өлімі жыл сайын азайып келеді
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар