Түрлі шараларға толы

Ұлы Жеңістің 72 жылдығы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы  және «Отан» мектебінің құрылуының 20 жылдығына, сондай-ақ, еріктілер қоғамының (ДОСААФ) 90 жылдығы құрметіне орай, мүдделі мекемелердің ұйымдастыруымен жастардың патриоттық айлығы өткізіледі. 

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының қолдауымен  ұйымдастырылып жатқан патриоттық айлықтың мақсаты – өскелең ұрпақ пен жастарға Ата Заңның, «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің дәрежесі туралы» заңның талаптарын түсіндіру, әскерге шақыру және әскерге баратын жастардың әскери дайындығы жұмыстарын жақсарту, Отан қорғаушылардың қызметін насихаттау болып табылады. Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімі сәуір айының бас кезінде барлық оқу орындарында өткізіледі деп күтілуде.
Айлық шеңберінде Ұлы Отан соғысының майдангерлеріне, басқа жергілікті жерлерде бейбіт күнде орын алған әскери жанжалдарға қатысқан ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне көңіл бөліп, оларды мадақтап, құрметтеу шаралары қарастырылған. Саусақпен санарлықтай ғана қалған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне  құрмет пен қолдау көрсету қашан да артық болмайды. Барлық ардагерлерге материалдық, моральдық көмек  көрсету айлыққа қатысушылардың міндеті болмақ. Оларды өздерінің ұжымдарына шақырып, олармен кездесулер өткізіп, құрметтейді.  
Мамыр айының 1-і мен 9-ы аралығында «Ескерткіштер маусымы» өткізіледі. Онда барлық мекемелер біздің облыста қаза тапқан майдангерлердің зираттарының маңын тазалап, ретке келтіреді және қабірлерінің жанында еске алу шараларын өткізулері тиіс. Сондай-ақ, қаза тапқан біздің жерлестеріміздің, Кеңес Одағының батырларының ескерткіштерінің жанында осындай шараларды ұйымдастыруымыз керек.  Бұл кезеңде сонымен бірге, түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады.  Атаулы даталарға арналған жылдың осындай маңызды патриоттық іс-шарасына  болашақ Отан қорғаушылар асқан жауапкершілікпен қатысады деген ойдамыз.

Николай ИВАНОВ,
КСРО Қарулы Күштерінің ардагері,
отставкадағы полковник.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар