Жанардың бағы жанды

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінде «Ең үздік пенитенциарлы психолог» облыстық байқауында атбасарлық Жанар Сәрсембекованың мерейі үстем болды.

 

Түзеу мекемелерінде қызмет ететін психологтардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру, психологиялық көмек көрсетудің үздік түрлері мен әдістерін енгізу, еліміздегі қылмыстық атқару жүйесінің қызметін насихаттап, беделін көтеру мақсатында ұйымдастырылған байқауды департамент басшысының орынбасары Серік Бұланов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Психологиялық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруға, психологтардың зияткерлік, кәсіби және шығармашылық қабілеттерін анықтауға бағытталған аталмыш іс-шараға облыс аудандары мен қалаларынан 8 үміткер қатысты.
Байқауда психолог-қызметшілер таныстыру, психологиялық тәжірибе немесе көрермендермен ашық психологиялық түзету практикумын ұйымдастыру, өз өнерлерін көрсетуге бағытталған сахналық шеберлік сияқты үш кезең бойынша бақтарын сынады.
Қазылар алқасының шешімімен Атбасар ауданындағы ЕЦ-166/4 мекемесінің инспектор-психологы, әділет капитаны Жанар Сәрсембекова үздік деп танылып, 30 мың теңге көлеміндегі ақшалай және департамент басшысының грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, екінші, үшінші орындар осы салада бірнеше жыл еңбек етіп келе жатқан, кәсіби білімдері жоғары, өз істерінің майталмандары степногорлық аға инспектор-психолог, әділет майоры Ольга Бабенко мен жарқайыңдық инспектор-психолог, әділет аға лейтенанты Ирина Шаринаға берілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар