Дарынды жастар дауысы

Облыстық филармонияда «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай,  «Студенттік көктем-2017:  жастар қуаты»  атты  талантты жастардың дәстүрлі облыстық фестивалі   өткізілді.

 

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған  фестивальге 700-ге жуық  адам қатысты. Олардың арасында 4 жоғары оқу орны, 14 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері бар. Гала  концертте басқарма басшысы Ринат Галлямов:  –Үш күнге созылған фестивальде  біздің өңіріміздің жастары  дарынды екендерін  тағы бір мәрте  дәлелдеді, – деп өз ойын білдірді. Фестиваль қорытындысы бойынша  заманауи би  аталымында бұған дейін де үш мәрте жеңімпаз  болған А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің  «Сымбат» ансамблі   биылғы жылы да жеңіс  тұғырынан көрінді.  Ал,  дизайн   аталымынан бірінші орынды Көкшетау қаласының  азаматтық қорғау көпсалалы колледжінің  оқушысы Әділ Бакинеев  алды.   Сонымен қатар, Көкшетау қаласының  жоғары медициналық колледжі флэшмоб билеуден  үздіктер қатарынан   көрінді.  Үздік  бейнеүзік аталымы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы сюжет дайындаған  Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Дастан Дәлелханның жұмысы бірінші орынға лайық деп танылды.   Эстрадалық ән айту  аталымында бірінші орын  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Айнара Бұзаубасоваға берілді.  Ұтқыр әзілдерімен  көрерменді қарқ қылған Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің білім алушыларынан құрылған «Журтики»   тобы КВН үздігі атанды.  Сондай-ақ, жастардың ой  ұшқырлығы мен  интеллектуалды қабілетін сынға салатын «Брейн-ринг» аталымында бірінші орынды Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің  «Жалынды жастар» командасы иеленді. Поэзия  аталымы бойынша Көкшетау қаласының жоғары медициналық колледжінің оқушысы  Абылай Наурызхан жеңіске жетті. «Аспаптық байқау» аталымы бойынша Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті  Әрсен Сабыров  бірінші орынды жеңіп алды.  Сонымен қатар, облысымыздың студент қыздары арасында Көкшетау қаласының №1 құрылыс-техникалық колледжінің оқушысы Марал Қамбарова  сұлулық сынында жеңімпаз атанды.

Назгүл Рабилова.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар