Мал өсірсең, ешкі өсір

пайдасы оның көл-көсір…

Ешкі өсімтал түлік, еті мен сүті де шипалы. Қазіргі уақытта  жер-жерде ешкі түлігін өсіруге баса мән берілуде. Импорттық өнімнің үлесін қысқарту және Елбасының алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында ауданымызға қарасты Талапкер әкімдігі аймағында  асыл тұқымды ешкі өсіру үшін 5000 басқа арналған кешеннің құрылысы аяқталуға  жақын қалды. Ешкі сүтін өндіруге арналған зауыт жылына 4000 тонна  сүт береді деп жоспарланған.
«Зеренді асыл тұқымды шаруашылығы» ЖШС-нің бас директоры Е.Қ.Ұлықпанов Қазақстандағы жаңа кәсіпорынның бизнес-жоспары тұрғысында қысқаша әңгімелеп берді.
Жобаның жалпы құны 3 миллиард теңге. Аталмыш сүт зауыты өнімді  өңдеу жолымен Астананың азық-түлік белдеуі бағдарламасына сәйкес, қала мен оған жақын орналасқан елді мекендерді ірімшік, май,   йогурт, сүзбе сияқты сүт өнімдерімен  қамтамасыз ететін болады.
Қазіргі кезде жаңа нысанды толық дерлік дайын деп айтуға болады. Жаз мау-сымында ешкілерді бағатын  орын, сүт зауыты, жемазық қоймасы, сауын цехы мен екі қабатты кеңсенің құрылысы аяқталды. Бүгінде металл құрылғылардан шөп мая-лайтын жабық албар құрастырылуда.  Құрылысшылар құрылғыларды монтаждау бойынша ішкі жұмыстармен айналысуда.
Серіктестік жетекшісі Ермек Қорғанбайұлының айтуынша, жаңа пилоттық жобаға қазірдің өзінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы салынған, бірақ, жеке қаржылық инвестициялар әлі де жеткіліксіз. Сондықтан, олар мемлекеттің қолдауына үміт артады.  Осы саланы дамыту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан берілетін субсидия-ны қарастыру қажет. Таяу күндерде Голландиядан асыл тұқымды сауын ешкілері жеткізіледі  деп күтілуде.
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар