Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Олар ерлік болып тіл қатады - АРҚА АЖАРЫ

Олар ерлік болып тіл қатады

Ауған-тәжік шекарасында 17 қазақстандық жауынгердің ерлікпен қаза тапқанына 22 жыл толуына орай, кеше Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімде осы боздақтарға орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі болып  өтті.

Митингіге Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов қатысып, жат жерде опат болған жауынгерлердің аруағына тағзым етіп, олардың құрметіне орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Қазақ елі өзінің батырларын ұлықтап, әр кезде де олардың ерлігін бағалай білген халық. Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің 1993 жылғы Қаулысына сай, 1993-1999 жылдар аралығында Қазақстанның Ішкі әскерлерінің жедел мақсатта жұмыс істейтін екі мыңға тарта әскери офицерлері мен сарбаздары тәжік-ауған шекарасында қызмет атқарған еді. 1995 жылдың 7-ші сәуірінде Ішкі әскер сарбаздары қайғылы жағдайға тап болды. Олар Тәжікстан Республикасының Пшихавр тау шатқалында өздерінен бірнеше есе көп шекара бұзушыларға қарсы 4 сағатқа созылған қиян-кескі шайқасқа қатысып, 17 жас сарбаз опат болды, 33 жауынгер ауыр жараланды.
Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде осы қақтығыста мерт болған жауынгерлерді еске алуға арналған іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жер-жерде олардың құрметтеріне ескерткіштер орнатылған. 5510 әскери бөліміндегі ескерткіш 2009 жылы орнатылыпты.
– Жат жерде жүріп әскери қызметін мүлтіксіз атқарған сарбаздарымыз бұл ұрыста ақтық демі қалғанша шайқасты. Олардың жасы 20-25 аралығында еді. Сондықтан, есімдері ел есінде мәңгі қалады. Өйткені, жаужүрек қазақтың ерлігін асқақтатып, намысты қолдан берген жоқ, – деді генерал-майор Мұхаметқали Сатов.
Қаза тапқан қазақстандық сарбаздар ішінде біздің жерлесіміз – ақмолалық Ербол Бекебаев та бар еді. Тәжік-ауған шекарасында қайтыс болған қазақстандық сарбаздар қатарында Қалқаман Бекбаев – старшина, Радик Қаймолдаев – сержант, Әлихан Өгізбаев – кіші сержант, Ербол Бекебаев, Бауыржан Далабаев, Жақсылық Жансүгіров, Имомаддин Жұматов, Қанат Ыдырысов, Ербол Исабаев, Ержан Әбдиев, Еркебұлан Мақажанов, Михаил Мартыненко, Анатолий Мешков, Дастан Нұрметов, Еркін Байғабылов, Тахир Райымжанов сияқты қыршындар болды.
Еске алуға арналған шарада Ақмола облысының «Ауғанстан соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дуанбай Ыбырай, Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінің командирі, подполковник Руслан Темірханов, «Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысқан ардагерлер кеңесінің» төрағасы Қайдар Бәкіров және әскери бөлім сарбазы Қуаныш Төлебай сөз сөйлеп, жауынгерлердің ерлігі мен батырлығына тағзым етті.
Салтанатты шеруден кейін әскери бөлім сарбаздары Отанды, ел мен жерді қорғау, тарихты құрметтеу мақсатында ұйымдастырылған ерлік сабағына қатысып, қаза тапқан 17 сарбаз жайында мағлұматтар алды.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.
Суреттерді түсірген Валентина ОТТ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар