Мұны жан арпалысы дейміз

Адамның бойында өзі де білмейтін құдіретті күш бар. Ол қуат қатты қорыққанда немесе өміріне қауіп төнген қатерлі сәттерде оянып, соның арқасында адам ақылға сыймайтын ғажайып істерді жасап жатады.

  Түнгі ауысымда жұмыс істейтін біреу үйіне түн ортасында қайтып келе жатып, тезірек жету үшін қорымның ішімен өтетін жолды кесіп өтпек болады. Қорымнан қорықса да өзін-өзі қайрап келе жатқан ол кенет ертеңге жерлеуге дайындалған қабірге құлап түседі. Қабір өте терең қазылған екен. Үрейі ұшқан ол қанша жанталасып тырмысса да қабірден шыға алмайды. Әл-дәрмені құрып шаршаған әлгі қанша қорықса да терең шұңқырдан біреудің көмегінсіз шыға алмасын түсініп, жүрелеп отырып таңды атырмақ болады.
Арада біршама уақыт өтеді. Осы жолмен араққа тойып алған бір маскүнем жүріп келе жатады. Ол да сол қабірге қараңғыда сүрініп, құлап түседі. Үстіне құлаған мастан зәресі ұшып отырған адамның қорыққаннан тілі байланып, үнсіз қалады. Шұңқырға құлаған мас  та одан шықпақ болып тырмысып көреді. Сәлден кейін, аздап өзіне-өзі келген алдымен құлаған адам мастың әрекетіне қарап отырып бір кезде шыдай алмай иығынан қағып «әуре болма, шыға алмайсың» дейді. Қабір ішіндегі адамның үнінен үрейі ұшқан мас сол-ақ екен терең шұңқырдан ытқып секіріп шығып, аяғы аяғына тимей қаша жөнеледі. Ол тіпті, өзінің бір орнында тұрып секіруден әлемдік рекорд жасағанын да қаперіне алмайды.  Жан арпалысы адамның басына түскен осындай қиын-қыстау сәтте көрініп, ғажайып істер жасауға итермелейтінін дәлелдейтін мұндай оқиғалар өмірде  аз болмаған.

Интернет материалдары бойынша дайындаған
Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар