Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әр мемлекеттік қызметші өзінің теріс әрекеті үшін жауап беруі керек - АРҚА АЖАРЫ

Әр мемлекеттік қызметші өзінің теріс әрекеті үшін жауап беруі керек

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Берген Беспалиновтың төрағалығымен өткен кезекті Әдеп кеңесінде Еңбекшілдер ауданының әкімі Асқар Қиықовтың және бірқатар лауазымды тұлғалардың қызметтік тәртібі қаралды. Кеңеске  облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істерін бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің директоры Қуаныш Жапақов қатысты.

Күн тәртібіне сай жоғарыда аталған департамент маманы Дархан Хайрулиннің мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тексеру жұмыстары кезінде Еңбекшілдер ауданында жоспарлы жүргізілген тексеріс барысында анықталған олқылықтар, заң бұзушылықтар туралы баяндамасы тыңдалды. Еңбекшілдер ауданының жергілікті атқарушы органдарындағы тексеріс 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықты қамтыған. Осы уақыт аралығында ауданда әкімнен бастап, оның орынбасары, аппарат басшысы, екі ауылдық округтің әкімдерін қоса есептегенде 46 мемлекеттік қызметші ауыстырылған. Есептік кезең аралығында 48 қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасына қатысты заң бұзушылықтар ауданда баршылық. Мәселен, білім бөлімінің басшысы Жақыпова ешқандай да конкурс өткізбестен, Степняк қаласындағы «Күншуақ» балабақшасының басшылығына Әлекешованы тағайындаған. Тексерістен кейін Жақыпова жұмыстан босатылып, Әлекешоваға қатысты мемлекет қаржысын жымқырды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен ол бір жыл бір ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сол сияқты, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Ақышеваға  қатысты да қылмыстық іс қозғалыпты.
Ол мемлекеттің 5 миллион теңгеден астам қаржысын орындалмаған жұмыстар үшін заңды тұлғаға аудартыпты. Бұл заң бұзушылық үшін ол тәртіптік жауапқа тартылып, тек қана қызметінен босатылған. Сондай-ақ, Заурал ауылдық округі әкімінің баласы әкімнің жүргізушісі болып жұмыс істейді. Бұл да сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол ашатын көрініс деуге болады. Осыған ұқсас жағдайлар басқа да селолық округтерде орын алған. Сонымен бірге, аудандық мәдениет үйінің бұрынғы басшысы Есімсейітов пен оның тұсында бірге жұмыс істеген мекеме бухгалтерлеріне қатысты да мемлекет қаржысын ұрлады деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалыпты. Сот шешімімен алдыңғысының бар мүлкі тәркіленіп, 5 жыл жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұдан соң аудан әкімі Асқар Қиықовтың есебі тыңдалып, ол ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды өз тұрғысынан баяндап берді. Кеңес мүшелері тексеріс нәтижесіне қатысты сұрақтар қойып, сыни көзқарастарын білдірді. Сөйтіп,  кеңес мүшелері жұмысты ширатып, олқылықтар мен кемшіліктерді жоямын деп сөз берген аудан басшысына осыдан бір жарым жыл бұрын қаралған  мәселе  осы жолы да қайталанып отырғанын айтты.
А.Қиықовтың есебінен кейін кеңес мүшелері бұрын есеп берушілердің есептері назарға алынса, енді хаттамада қанағаттанарлық немесе қанағаттанарлықсыз деп көрсетілсін деген ұсыныс жасады. Осылайша өз кезегінде департамент директоры Қуаныш Жапақов бұл жағдай бойынша өзінің ойын білдіріп,  «қызметіне толық сай емес» деген шешім шығаруға да болатынын ескертті. Сөйтіп, бұл мәселе облыс әкімінің қарауына жіберілетін болды.  
Бұдан соң облыстық денсаулық сақтау басқармасында өткен тексерістердің қорытындылары тыңдалды. Атап айтқанда, басқарма басшысының қарамағындағы мекемелердің тарапынан орын алған үш сыбайлас жемқорлық  әрекетіне қатысты мәселелер қаралды. 300 мың теңге көлемінде ақша алып жатқан жерінен ұсталған басқарма басшысының орынбасары Елеусізов пен мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы Жүнісовке қатысты қылмыстық іс қозғалып, әрқайсысы мемлекетке 20 миллион теңге ақша қайтаруы тиіс болып, бар мүлкі тәркіленіп, алдағы уақытта мемлекеттік қызметтен мүлде шеттетілді.
Сондай-ақ, мемлекеттің 3 миллионнан астам қаржысын жамбасына басқаны үшін облыстық наркологиялық оңалту орталығының бас дәрігері С.Кәкпенов бес жылға бас бостандығынан айырылып, бар мүлкі тәркіленді. Басқарма басшысы Гүлнәр Құлышева қызмет тәртібі мен сыбайлас жемқорлықты ескерту және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылған жұмысынан есеп беру  барысында осы қызметке 2015 жылдың маусым айынан бастап кіріскеніне тоқталып, жоғарыда аталған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдыңғысы ертерек орын алғаны туралы айтып түсіндірді. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы бұл кеңеске тас-түйін дайындалып келгені айқын көрініп тұрды. Есебі нақты дәлелдермен жасалған. Бұрынғы бір миллиард теңге көлеміндегі кредиторлық қарыздар осы күні жабылғанын,  өзі басқарып отырған салаға бағынысты 14 мекеме басшысының ауыстырылуының себептерін дәлелді баяндап берді.
Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дидар Сағитовтың да осындай есебі тыңдалды. Осы кеңесте сонымен бірге, Астрахан ауданы әкімінің орынбасары Жанар Шахпутованың  демалыс күндері қызметтік көлігіне қатысты Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны туралы мәселе қаралды. Ол жол берілген заң бұзушылықтарды мойындағандықтан, оған «қатаң сөгіс» беру қажеттігі ұсынылды. Ал, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарын бұзғаны үшін
Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Айтбаев пен бөлімнің бас маманы А.Нұртазинге қатысты тәртіптік іс қаралып, олардың заң бұзушылықтары сотта қаралып, бүгінде іс тоқтатылғаны белгілі болды.  
Мемлекеттік қызметшілердің тәртібі мен заң нормаларының сақталуына қатысты өткен Әдеп кеңесінің соңында департамент директоры Қуаныш Жапақов кеңес мүшелерінің белсенділігіне алғысын білдіріп, мемлекеттік қызметшілердің беделін көтеру жолында жүргізіліп жатқан жұмыстарды одан әрі нығайта түсуді ұсынды.

Ырысалды Шамшиева.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар