Бәрінен білімді озар сайыстарда

Щучинск қаласындағы  №7 мектеп-лицейінде республикалық  «Білім жолы» зияткерлік марафоны аясында облыстық  байқау  болып өтті.

Облыстық марафонға 5 пен 11  жас аралығындағы 100-ге жуық оқушы қатысты.  Жарыс кабинетте отырып, сұрақтарға жауап беру әдісінде емес, өзгеше бағытта болды. Тарқатып айтар болсақ,  қатысушылар  «Мирас», «Полиглот», «Математика» және  «Логика»   сияқты  тақырыптағы түрлі бекеттерден өтіп, өз білімдерін  сарапқа салуы керек. Оқушылар  тапсырмаларды бес минут уақыт ішінде  орындап, келесі білім бекетіне беттеп, ондағы сыннан сүрінбей өтуі қажет.  
Марафонның ашылу салтанатында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ольга Ковалева:
– Байқағанымыздай, бұл әдіс қатысушылардың өзара қызығушылығы мен жеңіске деген зор ынтасын арттырды.  Білім мен ғылымның  қарыштап дамып келе  жатқан  заманында  балалардың білімге құштар болуы маңызды. Олардың ақыл-ойы мен шығармашылық белсенділіктерін ояту  үшін мемлекетімізде  осындай  білім сайыс-
тары  ұйымдастырылып, болашақта осы игі істің жақсы нәтижесін көреміз  деген ойдамыз, – деп қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша «Жыл жаңалығы»  аталымы Атбасар ауданының №2  мектебінің оқушыларынан құрылған «Интеллектуалды» тобына берілсе, «Жас палиглоттар» аталымына   Бурабай ауданының «Шұғыла»  шағын орталығы лайықты болды.  
Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин  атындағы №3 көптілде оқытатын мектеп-гимназиясының   оқушылары  «Алғырлар мен тапқырлар»   аталымын жеңіп алды.  «Жас эрудиттер»  аталымы Бурабай ауданының «Гүлдер» қоғамдық қорына,  Степногорск қаласының Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия мектебінің оқушыларына  «Жас зияткерлер» аталымы берілді. Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясының  «Қыран» тобы  «Жас көркем» аталымын жеңіп алды.
Осы жарыстың жарқын жұлдыздары  Макинск қаласының   Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің  оқушылары болды. Жүлдегерлердің барлығы балалардың  қарым-қабілеттерін  дамытуға арналған  «Юсимас»   бағдарламасы бойынша бір ай бойы 50 пайыз  жеңілдікпен оқуға мүмкіндік алды.  

Назгүл Рабилова.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар