Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел ертеңіне жарқын жол - АРҚА АЖАРЫ

Ел ертеңіне жарқын жол

Біздің университет ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық  «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын мұқият оқып шығып,  өз пікірлерін ортаға салып, қолдап отыр.

 

Мақалада Елбасы жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодты сақтай білудің маңыздылығын, еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басқандығын, сондай-ақ, жыл басындағы халыққа арналған Жолда-уында айтылған Қазақстанның үшінші жаңғыруының басталғанын, онда еліміздің қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғырудың іске асуын атап өтті.
Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайтынын, сонымен қатар, алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тару керектігін баса айтқан. Отанымыз әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылып, Қазақстан мемлекетін дамыған елдердің қатарына қосудың бүгінгі күні біздің басты мақсатымыз бен бағытымыздың негізі екенін айқындады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін санамызды ісімізден бұрын іске қосу қажет, яғни, ой-өрісіміздің озық және заман талабына сай болуын қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізді рухани жаңғырту бағытында ауқымды істердің атқарылғандығы баршамызға мәлім. Осыған орай, бірқатар маңызды да, ауқымды бағдарламалар іске қосылып, болашаққа қатысты іс-әрекеттеріміздің жүйелі жоспары құрылған болатын.  Елбасы осыған дейін атқарылған әрекеттер нәтижесінде ұлт болу үшін болашаққа бастар қадамымыз бен бұқаралық сананы қалай өзгерту қажеттігі туралы өз көзқарастарын ортаға салып отыр. Елбасы мақаласын бірнеше бөлімдерге бөліп, оларға жеке-жеке тоқталып, түсінік берген.
Атап айтсақ,  21 ғасырдағы ұлттық санада Елбасы әлемнің өзгеруі туралы, соған сәйкесінше біздің де көзқарасымыздың қалыптасып, заман ағымына сәйкес икемделуі, яғни,  жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз қажеттігін атап өткен. Сондай-ақ, бәсекелестік қабілетке де назар аударған. Онда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекеге қабілетін арттырса, мол табысқа жету мүмкіндігінің бар екенін, болашақта ұлттың табысты болуы  адамдардың бәсекелестік қабілетімен айқындалатындығы айтылған.
Мақалада прагматизм, яғни, қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес екендігі айтылып, төл тарихымызға, ата-бабаларымыздың өмір салтына үңілсек, одан шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болатындығы тілге тиек болады. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген тамырымызда жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз қажет.  
Прагматизм өзінің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдалану, соған сәйкес болашағыңды жоспарлау, ысырапшылдық пен астамшылдыққа жол бермеу, яғни, үнемшілдік пен орынды пайдалану көрегендікті көрсетеді. Қорыта айтқанда, нақты мақсатқа жету, білім алу, саламатты өмір салтын ұстану, әр нәрсені ұтымды пайдалану – қазіргі заманның талабы болып отырғанын да атап өткен. Мақаласының кезекті бөлімі білімнің салтанат құруына, яғни, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылудың маңызының зор екені, бүгінде жүрісі жылдам дәуірге аяқ басып отырғанымызды, соған сәйкесінше кез келген жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімді адамдардың ғана үлкен табыстарға қол жеткізетінін ашық айтқан.  Ал, табыс-ты болудың ең басты факторы – білімде жатқандығын меңзейді.  Сондықтан да, білімді  барлық құндылықтардан жоғары етіп, әрдайым бірінші орынға қою керектігін атап отыр.
Сонымен қатар, мақалада таяу жылдардың міндеттері айқындалып, мемлекет пен ұлттың қатып қалған дүние емес екендігі, ол да тірі ағза сияқты дамып, өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керектігі, яғни, жаңа заманға сәйкес жаңғыру міндетінің бәрінен де жоғары екенін, өмір сүре білу үшін, өзгере де білу керектігі айтылып, тек жаңғырудың елдің ұлттық-рухани тамырынан міндетті түрде нәр алуы керектігі жазылған.
Қорыта айтқанда, бұл мақала
тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғырту бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы болып табылады.

Әбдімүтәліп  ӘБЖАППАРОВ,
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының
докторы, профессор, Қазақстан
Республикасы білім саласының
үздік қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар