Отанды сүю керек

Елбасы мақаласында әлемдегі қалыптасқан  қазіргі жағдайларды ескере отырып, еліміздің болашақ даму бағдарын айқындайтын жайлар жан-жақты айтылған.

 

Ұлт Көшбасшысының көтеріп отырған «Туған жер» бағдарламасының қазіргі күнгі ең өзекті мәселе – адамдардың, оның ішінде жастардың бойындағы отансүйгіштік қасиетті дамытуға игі ықпалын тигізетіні анық. Елін, жерін сүйетін адам ғана Отаны үшін аянбай еңбек етіп, бар қабілеті мен күш-жігерін, білімі мен біліктілігін жұмсайтын болады. Өкінішке орай, қазіргі жастардың бойында онша жетіңкірей бермейтін отансүйгіштік қасиетті орнықтырып, дамытуда аталмыш  бағдарламаның рөлі зор болады деп санаймын. Мақалада тағы бір көтерілген мәселе – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жайы. Қазақ тілі өткен ғасырдың 30-шы жылдарында латын әліпбиінде болғандығы белгілі. Сол тұстағы қазақтың танымал ақын-жазушыларының еңбектері де латын әліпбиінде жазылып, сақталуда. Коммунистік партияның солақай саясатының нәтижесінде кейін кириллицаға көшіп, латын әліпбиімен жазылған мұраларымыздан қол үзіп қалдық. Латын әліпбиіне көшу сол құнды мұраларымызды қайта жаңғыртуға игі ықпалын тигізер еді.
Сондай-ақ, бұның ең басты маңызы – бүгінде өмірімізге терең енген интернеттен өз орнымызды табуымызға игі ықпалын тигізбек. Өйткені, кириллицамен жазылған сөздердегі қазақ тілінің өзіне тән әріптері көрінбей қалады. Бұл интернет арқылы байланысқа кері әсерін тигізуде. Ал, латын әліпбиіне көшсек, қазақ тілі нағыз компьютер тіліне айналар еді. 2025 жылға қарай қазақ тілінің түгелдей латын әліпбиіне көшуі бүгінгідей интернет дамыған кезеңде тіліміздің заман талабына сай қайта жаңғыруына игі ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Елбасымыздың бұл мақаласы еліміздің болашақ даму бағдарын  айқындап, даму үшін атқарылатын нақты міндеттерді көрсетіп берді.
Ұлболсын ҚАМБАТЫРОВА,
Ілияс Есенберлиннің әдеби музейінің директоры, аудандық
«Қазақ тілі мен мәдениеті»
қоғамының алқа мүшесі.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар