Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Есеп берулердің нәтижесі - АРҚА АЖАРЫ

Есеп берулердің нәтижесі

Елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар, мемлекеттік индустриялды-инновациялық бағдарламаларды іске асыру, ауылды, тұрғын үй құрылысын дамыту, адамның өмір сүру деңгейін жақсарту жөніндегі мәселелерді шешу, сондай-ақ, одан әрі қоғамды жұмылдыру туралы халықты ақпараттандыруды арттыру үшін, 2017 жылғы 16 қаңтар мен 15 ақпан аралығында облыс өңірлерінде барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулері өткізілді.  
Есеп беру кездесулерінде 1075 адам сөз сөйледі, 681 ұсыныс енгізілді, мемлекеттік органдар басшыларының атына сыни ескертулер айтылған жоқ.  
Барлық 681 ұсыныс әлеуметтік сипатта болды, экономикалық және саяси сипаттағы ұсыныстар келіп түскен жоқ.   
583 ұсыныс бойынша түсініктеме берілді, 88 ұсыныс өңірлердің іс-шаралар жоспарына қосылды. Облыс әкімінің қаулысымен бақылауға алынды – 10 ұсыныс, оның ішінде 2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша орындалғаны – 3 ұсыныс.
2017 жылы құрылысын бастау үшін:
– Көкшетау қаласындағы 280 орынды балабақша құрылысына облыстық бюджеттен 200,0 миллион теңге бөлінді. Қалған 592,3 миллион теңгені бірінші транш игерілгеннен кейін бөлу жоспарлануда;
– Көкшетау қаласындағы №18 орта мектепке 420 орынды жапсаржай құрылысына республикалық бюджеттен 375,3 миллион теңге бөлінді, қалған 128,5 миллион теңгені бірінші транш игерілгеннен кейін облыстық бюджеттен бөлу жоспарлануда;
– Көкшетау қаласындағы 900 орынды типтік мектеп құрылысына республикалық бюджеттен 1043,1 миллион теңге бөлінді, қалған 376,7 миллион теңгені бірінші транш игерілгеннен кейін облыстық бюджеттен бөлу жоспарлануда.
Барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерінде халықтан келіп түскен ұсыныстардың орындалуы туралы барынша толық ақпарат облыс әкімінің сайтына орналастырылды.  

Николай ПОЛИТКИН,
облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар