Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ғаламдық философиялық тұжырым - АРҚА АЖАРЫ

Ғаламдық философиялық тұжырым

Жабал Ерғалиев,
Парламент Сенатының   депутаты:

– Өз басым Елбасының әр сөзін мұқият тыңдап, оқып отырамын. Кейде өз ой- пікірімді де білдіріп келемін. Мұның алдында   Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде «Ұлы дала ұлағаттары» аты ой толғауы жарияланып, осы бір ғибратты дүние жайлы «Әлемге, Ғарышқа, Болашаққа жол ашқан Тұңғыш!» деген көлемді мақаламды жарияладым. Ал енді, Елбасының күні кешегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  көзқарасын қызыға оқып шықтым. Және де әлі де қайталап оқып жатырмын. Бұл жай бір мақала емес, бұл бүгінгі заманның айнасы, болашақтың бағдары. Ендігі адам баласы қандай болуы керек және де бүгінгі аласапыранды заманда өзінің адами бітім болмысынан ажырап, тіпті, ой санасы адаса да бастаған адамзаттың не істеуі керек? Елбасы осы бір өзекті  мәселеге жауап береді.
Біз өз тәуелсіздігіміздің ширек ғасырдан астам кезеңінде Елбасының ақыл парасатымен, басшылығымен экономикалық-әлеуметтік салада  сәтті жаңғыруларды өткіздік. Нұрсұлтан Назарбаев  жыл басында халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялап,  саяси реформа мен экономикалық жаңғыру қолға алынды. Елбасы Қазақстанның  әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуының барлық алғышарттарын жасай алды. Енді біз рухани жағынан жаңғыруымыз керек.
«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», деген Елбасының осы бір пайымының алтын арқауы еліміздің мықты,  жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу көзқарасымен әбден орынды айтылғандығы көңілден шықса керек.
    Елбасы ХХІ ғасырдағы ұлттық сананың негізгі  тұғырнамасын терең саралай отырып, ғаламдық философиялық тұжырым жасағандығын айту абзал. Елбасының осы сананы жаңғырту философиясы бір ғана бізді, яғни, қазақстандықтарды ғана емес,
әлем халқын, барша Адамзатты ойландырар  деген пікірдемін. Өйткені,
Нұрсұлтан Назарбаев жалпы адамзаттық мәселені алға тартып отыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар