Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тері ауруларынан абай болыңыз - АРҚА АЖАРЫ

Тері ауруларынан абай болыңыз

Дерматомикоздар – бұл жұқпалы тері аурулары. Ол бопа-паразиттердің адам терісіне өту салдарынан пайда болады, олардың кейбіреулері адамның  терісінде, шашта, тырнақта өмір сүреді.

Көкшетау қаласы бойынша бірінші жартыжылдықта өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда таз ауруларының 1,6 есеге өскені байқалады, оның ішінде жасқа дейінгі балалар арасында ауру 55 пайыз өскен. Тері мен бастың шаш дерматофитиясы өсе түсуде.   Ауру мал мен ит-мысықтан жұғады. Жұрт мысықты ветеринарлық емханаға апарудың орнына көшеде тастап кетеді, сол мысықтан басқа балалар ауруды жұқтырып алуы әбден мүмкін.
Теріге бопа-паразиттері енгеннен кейін сырқат дами бастайды. Теріге түскен соң, тері қабыршығының астына өтеді, ол жерлерде қабыршықтанған алқызыл дақтар пайда болады, шаштың кейбір жерлеріндегі шаш қылдары түсіп қалады, соның салдарынан өспейді. Таз ауруларының алдын алуда басты рөлді жеке гигиенаның орны ерекше. Сондықтан, тері қабатын таза ұстау керек. Әр адам науқас адаммен қатынасқа түскенде және оның пайдалануында болған заттарды қолдану арқылы жұғатынын есте сақтауы тиіс.
Осы себеп бойынша жеке қолданыстағы заттарды қолдануға болмайды. Бұған қоса қаңғыбас ит пен мысықтармен қатынасқа түсуге, оларды сипауға, үйге әкелуге болмайды. Үй жануарларын жыл сайын ветеринарлық зертханаларда ветеринарлық қаралудан өткізу керек.  Таз аурулары емделеді, емді неғұрлым ерте бастаса одан соғұрлым тез құтыласыз. Жеке гигиенаны ұстану арқылы сырқаттың алдын алуға болатынын естен шығармаңыз.
Ошақтағы дезинфекциялық іс-шаралардың уақытында өткізілуі тұрғындар арасында аурудың таралуына жол бермейді. Сондықтан, ошақтағы дезинфекциялық іс-шаралардың уақытында жүргізілуіне аса көңіл бөлген жөн.
Орталық  профилактикалық дезинфекция, яғни, дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызметтер көрсететінін еске саламыз.

Сара МҰҚАТОВА,
Ұлттық сараптама орталығы Ақмола облысы
бойынша филиалының дезинфекциялық
бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар