Ұстаздары жақсы болса…

Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы облыс білім ошағының қара шаңырағы десек артық айтқандық емес.

Осы мектептен білім нәрімен сусындаған шәкірттер республикамыздың түкпір-түкпірінде қызмет етіп, елімізді көркейтуге өз үлестерін қосуда.
Бүгінгі таңда да мұндағы ұстаздар шәкірттеріне аянбай білім берудің  нәтижесінде толағай табыстарға қол жеткізуде.  Мектепте оқушылардың бастауыш сыныптан бастап білімдерін ұштап, толықтыруға көп көңіл бөлінеді. Әрине, біз, ата-аналар бұл үшін мектеп ұжымына, әсіресе, мектеп басшысы Айнагүл Қадырбайқызы Балташеваға, мұғалімдерге зор ризашылығымызды білдіреміз.
Біздің немереміз, 4 «А» сынып оқушысы Раиана Асхатқызы Базарбай «Неліктен алма тұқымы жемістің ішінде болған кезде өспейді?» деген  тақырыпта ғылыми жоба жазып, өз білімін 1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» қалалық, облыстық, республикалық конкурстарында қорғап, бірінші орынды иеленді. Ол дегеніміз – мектеп үшін де, баланы оқытқан мұғалімі, біз үшін де үлкен абырой.
Осы арада Раиананың мұғалімі, ғылыми жоба жетекшісі Самал Базарбайқызы Қабдөшеваның есімін ерекше атап өткен жөн. Мектеп ұжымының сенімін, ұстазының еңбегін ақтай білген Раианамызға да, оның ұстаздарына да жаңа жетістіктер тілеп, биік белестерден көріне беріңіздер демекпіз.
Ізгі ниетпен, ата-әжесі, ата-анасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар