Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Туған жер» бағдарламасы ойымыздан шықты - АРҚА АЖАРЫ

«Туған жер» бағдарламасы ойымыздан шықты

Совет  БАЛТАБАЙ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, экономист:

– Басымыз қосылғанда айтылып жүрген әңгімелер енді Елбасының өзі ұйытқы болып, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрініс тапты. Бұл көпшіліктің  көңілінен шығатын, қоғам үшін үлкен, маңызды мәселелер. Мен бұл мақаладағы әрбір тақырып, тақырыпшаға тоқталуды мақсат етіп отырғам жоқ.  Жалпы, мақала рухани өрлеуіміздің алтын арқауы, өзегі, жаңғырудың тағы бір жаңа жолы  деп ауыз толтырып айта аламыз. Әсіресе «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын» дегені көңіл төрінен орын алды. Атажұртын, кіндік қаны тамған жерін сүйетін әр азаматтың көңілін жылылыққа толтырады бұл сөз.
Туған жерін жырламаған ақын, жазбаған жазушы бар ма? Туған жердегі, тіліміз бен діліміздің, салт-дәстүріміздің  алтын діңгегі, Алаштың алтын бесігі – ауыл. Мүмкін, бұл бағдарламадағы ауыл мәселесі өз орнын табар. Ауыл да жаңғырар деген үміт ұялайды. Ауыл тұнып тұрған тарих емес пе? Тарихта көптеген ауылдардың өздерінің біртуар азаматтарының арқасында аттары қалды.
Елбасының өз сөзімен айтсақ: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиісті».
Рухани жаңғыру жолында жүзеге асуы тиіс бірнеше міндеттер алға қойылады. Соның бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Елбасы Н.Ә.Назарбаев бұл ойтүзер мақаласында: «Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім. Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз» дейді.
Міне, көптен көңілде жүрген, шешімі табылар ма екен деген мәселелер осылайша іске аспақ. Лайым солай болғай, ұзағынан сүйіндірсін демекпіз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар