Жылдағы жақсы дәстүрмен

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тимур Хамзин журналистермен баспасөз мәслихатында облысымызда елді мекендерді көркейту жөнінде жарияланған  айлықта атқарылатын  жұмыстар туралы айтып берді.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, облыстағы аудандар мен қала әкімдеріне санитарлық тазалық айлығын өткізудің жоспарын жасап, оны қамтамасыз ету тапсырылып отыр. Әсіресе, айлыққа тұрғындарды, қоғамдық бірлестіктерді және коммерциялық құрылымдарды тарта отырып, елді мекендерді көркейту, санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру мақсатында кең көлемде үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылуда.
– Шараны жоспарлау барысында
аудан және қала әкімдері 7 мамырға дейін қолға алынатын жұмыстарды анықтап, жүзеге асыруы қажет. Нақтырақ айтсақ, елді мекендерден шыға беріс жолдарды, ескерткіштер мен саябақтарды, аллеяларды және Жеңіс күніне арналған салтанатты шараны  өткізетін орындар мен алаңдарды қоқыстан тазартып, ретке келтіру бойынша жұмыстар бірінші кезекте қолға алынуы тиіс, – деді Тимур Хамзин.
Сонымен қатар, брифингте басқарма тарапынан өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы сөз болды. Жалпы, облыс бойынша 2016 жылы көктем және күз мезгілдерінде арнайы орны белгіленбеген 780 күл-қоқыс алаңы анықталып, 200 мың текше метрден астам тұрмыстық қалдықтар тазартылды. Барлығы 624 сквер мен саябақ тазаланып, иесіз қалған 182 ғимарат бұзылды. Сондай-ақ, 114 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды. Шара барысында ақылы жұмыстарға тартылған 2200-ден астам адам мен коммуналдық қызметтер, пәтер иелері кооперативтері, қоғамдық және коммерциялық ұйымдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері, колледждер мен мектеп оқушылары және еріктілердің қатысуымен «Таза мекен» және «Ағаш отырғыз» акциялары ұйымдастырылды.
Брифинг соңында санитарлық тазалыққа қатысты бұдан өзге де мәселелер сөз болып, тұшымды жауаптар алынды.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар