Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Ішкі істер министрі қылмыстық ахуал және жергілікті полиция қызметін одан әрі реформалау аясында қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады, сондай-ақ, түзету мекемелерінің жағдайы мен Ұлттық ұланның жұмысы туралы мәлімдеді.
Бұдан бөлек, Қ.Қасымов су тасқынына байланысты ахуал және Астана мен республика облыстарында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы хабардар етті.
Елбасы су тасқынынан зардап шеккен барлық өңірлердің жағдайы мен тіршілігін қалпына келтіру үшін кешенді іс-қимылдарды жүзеге асыруды тапсырды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
akorda.kz.