Генерал тапсырған Алғыс хат

Көкшетауда Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүрген сарбаздардың есінде  ұзақ уақыт сақталатын болады.

 

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен шарада Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімінің үлгілі сарбаздарымен кездесіп, олармен ерлік тақырыбында  танымдық тұрғыда емен-жарқын әңгіме өткізді.
Ол сарбаздардың әскери анттарына адал болып, Отан қорғау парызын мүлтіксіз, мінсіз өтеудің мән-маңызын түсіндірді. Жақсы қызмет өткеріп жүрген сарбаздарға алғыс білдіріп, олардың аналарына кеңес атынан Алғыс хаттарды тапсырды.  Сарбаздар еліміздің әр облысынан болғандықтан, олар алғыс хаттарды аналарына «Ақмола: достық пен келісімнің өлкесі» естелік кітабымен қоса жөнелтетін болады.
Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова өзі басқарып отырған ұйым мен әскери бөлім арасындағы тығыз әріптестік қарым-қатынас, жігіттердің патриоттық тәрбиесі, тәртібі, туған ел алдындағы борышы, олардың аналарының, қарындастары мен сүйіктілерінің алдындағы парызы – өз отбасыларына аман оралуы екендігін айтып, сарбаздардың бірқатар өнегелі істеріне ризашылығын білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар