Әр қырынан байыптады

«Достар» мәдениет сарайында  Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Елбасының бағдарламалық мақаласының  басты бағыттарын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел жиыны болып өтті.

Аталмыш жиынды кітапхананың әдіскері Іңкәр Ысқақова жүргізіп отырды. «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов «Елбасы мақаласы – жаңашылдыққа бастар жол» атты тақырыптағы баяндамасында тарихи құжатта Президент рухани жаңғыру жолындағы маңызды басымдықтарды айқындап бергендігін айта келіп, сол үшін дүниетанымға, ойлау жүйемізге әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылу қажеттігі туралы өз ойын ортаға салды.  «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Нұрымова жиында сөз сөйлеген сөзінде  мақалада белгіленген мақсат-міндеттердің өзектілігіне тоқталды. Латын әліпбиіне көшу, туған жерді көркейту, гуманитарлық білім беру, мәдениетті заманауи қалыпқа келтіру, ұлттық кодты сақтау арқылы рухани жаңғыру қажет деген мағынадағы Елбасы идеясын басшылыққа ала отырып, бүгінгі заманда ағылшын тілін білудің қажеттілігіне тоқталды. Елбасының қоғамда үлкен резонанс туғызып жатқан латын әліпбиіне көшу туралы пікірі «көшеміз, көшпейміз» деп талқыланатын емес, орындалуы тиіс шаруа екеніне маңыз берді.
Жиын барысында Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Баубекқызы ел Президенті мақаласының тәрбиелік маңыздылығы мен мәніне көпшіліктің назарын аударды. Қоғамдағы тұлғаның жан-жақты дамуы туралы баяндай келе, жастардың ерліктің, еңбексүйгіштіктің, отаншылдықтың үлгісіне айналған адамдарға қарап бой түзейтінін мәлімдеді.
Сондай-ақ,  Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы Балташ Нұрмұхамедұлы мен А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар және әлеуметтік жұмыс тарихы пәнінің оқытушысы  Ризат Елубаев және басқа да қызметкерлер өз ой-пікірлерін білдіріп, Елбасы мақаласына қызығушылық танытты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап өтілгендей, саяси, экономикалық жаңғырулардың өзегіне айналғалы отырған рухани жаңғыру бағыты расымен де қоғам дамуында айрықша серпін тудырды.   

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар