Бәрін әзірлік шешеді

Аудан диқандары көктемгі егісте болашақ өнімнің берік негізін қалауды көздеуде.

Мәселен, Әлихан Сейтжанов басқаратын «Новомарковка-2010» және «Новомарковка-2002» серіктестіктері биылғы жылы 16 мың 995 гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар сіңіреді. Оның ішінде 9 мың 623 гектар алқапқа бидай, 1 мың 880 гектарға арпа, 764 гектар алқапқа сұлы және жалпы көлемі үш мың гектардан астам алқапқа тары, зығыр мен бұршақтық дақылдар сіңірілмекші. 1 мың 507 гектар алқапқа біржылдық шөп, 1 мың 835 гектарға көпжылдық шөп тәрізді мал азығы дақылдарын да себу жоспары тағы бар. Ал,  1 мың 257 гектар жер парға қалдырылады.
– Алдымен, парлы және сүдігер алқаптарына жете мән беріледі.
СТ-22 тырмасымен 5 мың 500 гектар жердің ылғалын жабамыз.  Жос-пар бойынша 14 мың гектар алқап толығымен өңдеуден өткізіледі. Дақылдардың өсіп-өнуіне орай, өз күшімізбен химиялық дәрі-дәрмекпен өңдейміз. Бұл жұмысқа арнайы техникалар тартылады. «Астана-нан» фирмасынан гербицид пен химиялық дәрі-дәрмек сатып алу үшін келісім-шартқа отырдық,–дейді серіктестік басшысы.  Шаруашылық қажетті тұқымды құйып алған. Қамбада 1 мың 660 тонна «Шортанды-95» және 550 тонна «Омск-36» сортты бидай, 310 тонна «Қарабалық» сортты арпа, сондай-ақ, сұлы, зығыр, судан шөбі, малазықтық тары сақталуда. Барлық тұқым «КазАГР ЭКС» акционерлік қоғамының тұқым зертханасында сараптамадан өтуде.  Сараптама нәтижесі тұқымның стандарт нормасымен сәйкестігін анықтады.
Қазіргі заманғы техника агротехникалық шаралардың бәрін  уақытылы жүргізуге мүмкіндік береді. Егіс алқаптарына 9 егіс кешені,  үш К-700, бір К-744, Джон Дир тракторы шығарылады. Сондай-ақ, тұқым таситын 5
КамАЗ көлігі мен жанармай
таситын көлік дайын тұр. Биыл серіктестік «JCB» маркалы жаңа жүк тиегіш сатып алыпты. Тыңайған және иесіз жатқан жерді жыртатын соқалар сатып алу да жоспарланған.  Бүгінгі таңда қолдағы техника толық дерлік көктемгі дала жұмысына дайын. Тек механизаторлар жетісе бермейтінін атап өткен жөн.

Раушан НҰРҒАЗИНОВА.
Ерейментау ауданы.

 

 

Биыл аршалылық  диқандар 190 мың гектарға жуық алқапқа дəнді-бұршақ дақылдарын себуді жоспарлап отыр.

 

Оның 147,3 мың гектарына бидай егілмекші.  Аудандағы іргелі шаруашылықтардың бірінен саналатын «Поиск агрофирмасы» серіктестігі 20 мың 437 гектар алқапқа тұқым сіңіруді жоспарлап отыр. Барлық егіс алқабының 69,5 пайызына дәнді дақылдар себіледі. Шаруашылық өткен жылы бұршақты дақылдар алқабын 1064 гектаға кеңейткен болатын. Серіктестік директоры Александр Гусевтің ай-туынша, былтырғы жылы 3 мың гектарға жуық алқапқа зығыр тәрізді дақылдар сіңірілген еді. Серіктестік егіншілікпен қатар, мал шаруашылығымен де айналысатындықтан, 470 гектар алқапқа мал азығы дақылдарын, 441 гектар жерге көпжылдық шөп егіледі.
Қазіргі кезде ауданда шаруашылықтарды тұқым, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мəселесі біртіндеп шешіліп келеді.  Оған қоса, несие алу жəне ауыл шаруашылығы техникаларының əзірлігі де бас-ты назарда.
 «Арқа ажарының»
 өз ақпараты.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар