Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мол өнімнен үміттіміз - АРҚА АЖАРЫ

Мол өнімнен үміттіміз

Облыстың шалғай ауданы болып саналатын Жарқайың елі заман талабына сай өркендеп, қай салада болсын ілгерілеушілікпен дамып келеді.
Осы табыстарға «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», лайықты үлес қосып келе жатқан еңбеккерлер баршылық. Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. Несібесін жер мен малдан айырып отырған халық еңбектерінің қайтарымы болғанын қалайды. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығының дамуын мемлекеттің көмегінсіз көз алдыңа елестету мүмкін емес. Бұл – әрине, алдымен қаржыландыру мәселесі. Қазір еліміздің агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдауға жете көңіл бөлінуде. Субсидия егіншілік, мал шаруашылығы өнімдерін қайта ұқсату тәрізді салалардың бәрін қамтиды. Осы орайда,
ауданымыз көктемгі егіс науқанына үлкен жауапкершілікпен келіп отыр. «Жері байдың елі бай» демекші, сол байлықты баянды етіп, елдің таусылмас еншісіне айналдыру – басты міндетіміз.
Аудан экономикасының негізгі саласы қамырлылығы жоғары азық-түліктік бидай өндірісі болып табылады. Соңғы төрт жыл бойы аудан диқандары мол астық жинады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 29 миллиард 98 миллион теңгені құрады. Оның 25 миллиард 830 миллион теңгесі егіншілікке тиесілі. Жер балансына сәйкес, ауыл шаруашылығына бағытталған жалпы жер көлемі 996,5 мың гектарды құрайды, оның 755,1 мың гектары өңделетін жер. Биыл 600 мың гектардан астам алқапта көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 594,9 мың гектарына дәнді және бұршақты дақылдар сіңіріледі. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда төрт мыңға жуық гектар артық. Көктемгі егіс науқанын он сегіз жұмыс күнінің ішінде аяқтауды жос-парлап отырмыз. Ол үшін күніне 32,5 мың гектар алқапқа дән егеміз. Біржылдық, көпжылдық екпе шөп пен жүгері тәрізді мал азығы дақылдарын 3600 гектар жерге себеміз. Бұл да өткен жылғы көрсеткіштен 1407 гектар артық. Сондай-ақ, 5162 гектар алқапқа майлы дақылдар сіңіреміз. Жер жырту, уақытында қар тоқтату, ылғал жабу, егіс алдында химиялық және механикалық әдіспен танаптарды өңдеу тәрізді топырақтың табиғи ылғалын сақтау – ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бірінші кезектегі міндеті. Жыртылатын жер жыл сайын 10-15 пайызға көбеюде. Жер төрт рет өңделеді. Қар үш рет тоқтатылады.
Астықты алқаптың 60 пайызына ылғал сақтау технологиясы енгізілді. Көктемі суық жылдарды зерттей келе, күзде жақсы нәтижеге қол жеткізгенімізді атап өткен жөн.  «Көктемнің бір күні жылға азық» деген мақалдың мағынасы тереңде жатыр. Биылғы жылдың салқын көктемі егіс алдындағы жұмыстарды өткізу мүмкіндігін шектей түсуде. Дегенмен, ылғал жабу жұмысы толық көлемде атқарылады. Егіс алдындағы химиялық өңдеу жұмысы 10 мамырда басталмақшы.  
Қолымызда егіс жұмыстарына толық жететін 59,0 мың тонна тұқым бар. Тұқым тексеріліп, сапалы деп танылды. Ауданның тұқым шаруашылықтары осы тұқымның үш сорты бойынша жұмыс істеуде. Біздің аймақта жақсартылған «Шортанды-95» сорты өзгелерімен  салыстырғанда 3-5 центнерден артық өнім береді. Бұл кеш пісетін сорт. Алайда, біздің күз оның пісуіне мүмкіндік беріп жүр. Гектар берекесі 25-35 центнерден айналғанның өзінде сабағы жатып қалмайды, дәндері шашылмайды. Бүгінгі таңда бұл сорт біздің аудан астығының 70 пайызын құрайды. Соңғы он жылда егіншілік мәдениеті жақсарды. Аудан алқаптарына сапалы тұқым себілгендіктен әрі жер жете өңделетіндіктен, жайқалған егінде арамшөп пен өзге зиянкестерді көре алмайсыз.
Биылғы жылы тұқым қайтадан субсидияланатын болды. Бұл жағдай қолданылатын тұқым материалының сапасын жақсартып, нәтижесінде сапалы астық алынады. Биыл 8320 тонна дизель отынына квота бөлінді. Наурыз айының квотасы бойынша бөлінген 2730 тонна жанар-жағармай тасымалданып алынды. Қазір жанар-жағармай кесте бойынша тасымалдануда. Литрі 126 теңгені құрайды. Мұнымен қатар, ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері уақытында ылғал жабуға және егіс алдында жер өңдеуге жеткілікті дизель отыны қорын жасады. Мемлекеттік техникалық бақылаудың қорытындысы бойынша машина-трактор паркінің дайындығы 99 пайыз қамтамасыз етілген. Көктемгі егіс науқанына әртүрлі 718 ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану жоспарланған. Оның 84-і шетелдік егіс кешені. Аудан бойынша соңғы үш жылда өнімділігі жоғары 108 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.
Техниканы жаңарту биыл да жалғасады. Оның саны қанша болатыны астықтың бағасы, ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы бөлшектер бағасының өсуі, жанар-жағармайдың нарықтағы бағасы тәрізді көптеген факторларға байланысты. Мүдделі қызметтер мен ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері көктемгі егіс кезінде ауыл шаруашылығы техникалары мен көліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету  бойынша да шаралар жоспарын бекітті. Барлық шаруашылықтардың дала қостарында механизаторлардың өнімді жұмыс істеуі үшін тиісті тұрмыстық жағдай жасалған. Аудан диқандары көктемгі егіс науқанын агротехникалық қысқа мерзімде, ұйымшылдықпен өткізетініне сеніміміз мол.

Асқарбек ҮЙСІМБАЕВ,
Жарқайың ауданының әкімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар