Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қала келбеті өз қолымызда - АРҚА АЖАРЫ

Қала келбеті өз қолымызда

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин  тағы бір мәрте облыс орталығы  Көкшетау қаласының тыныс-тіршілігімен танысып, көкей-кесті мәселелерге назар аударды.

Қазір облыс бойынша елді мекендерді санитарлық тазарту, көгалдандырып, көркейту айлығы жүріп жатыр. Соған орай, аймақ басшысы алдымен, Щучинск қаласына шығар бағыттағы «Құлагер» ескерткіші,  «Көкшенің ерке самалы» сәулет композициясының маңына шыршалар отырғызды. Бұл шараға облыстық және Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттары, ардагерлер ұйымы мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, білім және денсаулық сақтау мекемелерінің,  облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері, қала тұрғындары мен жастар қатысты. Бүгінгі күні облыс орталығында бір мың түптен астам ағаш көшеттері отырғызылды. Айлық соңына дейін бұл санды 3 мың түпке жеткізу жоспарланған. Облыс әкімі тұрғындар үшін жаңа демалыс орындарын көбейту қажеттігін атап өтті.
Қаланы көгалдандырумен айналысатын «Жасыл ел НС» серіктестігі филиалының  жылыжайында гүл тұқымдары өсірілетін көрінеді.  Жалпы, биылғы жылы қалада 23 мың шаршы метрге гүл егілетін болады. Осы жұмыстарға назар аударған Мәлік Мырзалин  Васильковка шағын ауданындағы тұрғын үйлердің ауласында да болып, абаттандыру жұмысының барысымен танысты. «Көкшетау автодор» серіктестігінің директоры Виталий Люлевичтің айтуынша, жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Әр аулада электр жарығы, балалардың ойын алаңы мен кір жаятын  орын қарастырылған. Сондай-ақ, тұрғын үйлердің маңайына ағаш көшеттері отырғызылып, көгалдандырылады.
Қала әкімі Ермек Маржықпаев өз сөзінде биылғы жылы бұл мақсатқа  800 миллион теңге бөлінгенін айтты. Облыс басшысы спорт алаңдарының салыну сапасына көңілі толмайтынын, олардың сапалы салынуы қажеттігін алға тартты.  Тұрғындар атынан сөз алған ел ағасы Иран сал Тасқараұлы облыс әкіміне алғысын білдіріп, батасын берді. Тұрғындар Степногорск қаласынан әкелінетін көкөністің және балық бағасының қымбат екендігі жөнінде сөз қозғады. Аймақ басшысы өз сөзінде облыс орталығында жылыжай салынатынын, жақын арада оңтүстік өңірлерден автокөліктермен арзан көкөніс әкелу ұйымдастырылатынын, балық бағасының да қаралатынын атап өтті.
Центральный шағын ауданындағы тұрғын үйлердің ауласында да абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.  Тұрғындар өз үйлері ауласында спорт алаңы қарастырылмағанына шағымданды. Төбесінен су ағатын үйлер бар. Бұл бағытта тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасының жұмыс істейтіні, жөндеу жұмысына құжат дайындау керектігі жөнінде айтылды. Тұрғындардың көбі атқарылып жатқан жұмыстар үшін облыс әкіміне алғыс білдірді. «Алтын ғасыр» сауда үйінің алаңында жаңбыр жауса, үнемі су тұрады. Қазір бұл жұмыс қолға алынып жатыр. Аймақ басшысы алаңдағы автотұрақ та тәртіпке келтіріліп, осы арадан Абай көшесіне жолдың ашылатынын айтты.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Суреттерде: тұрғындармен жүздесу және гүл өсіретін жылыжайда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар