Жыл өткен сайын Ұлы Отан соғысына қатысушылар қатары сирей түсуде. Қан майданды басынан аяғына дейін көзбен көрген кісілер тіпті аз қалды.
Сейілбек Әкімбекұлы Усин көп жылдар бойы біздің ауданымыздың білім беру саласында тапжылмай қызмет еткен адамдардың бірі. Оның ата-бабалары көрікті Көкше өңірінің тумалары. Ән мен жырдың падишасы Ақан серінің өнері асқақтаған, тамаша туындылары өмірге келген аймақтың өкілі болғандықтан, асыл қария үшін Көкшетау көкірек керіп айтар ерекше қазыналы өлке.
Соғыстың соңғы куәгерлерінің біріне айналған Сейілбек ақсақалды жақында аудан әкімі Мәлгаждар Тәткеев арнайы қабылдап, бір өңірдің үлкені болып отырған қарияға шын жүректен сый-сыяпатын жасап, әлі де зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт пен қуаныш тіледі.
Өз кезегінде соғыс және еңбек ардагері Астананың іргесіндегі аудан басшысының бүгінгі ел игілігі үшін қолға алып жатқан өркенді істеріне ризашылығын білдіріп, батасын берді.
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Целиноград ауданы.