Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мақаланы дәл осылай атасам ба деген ой келді бірден. Себебі, ұрпағына үлгі бола білген Мәлкен Айтбаевтың ғұмыр жолымен жақынырақ танысқан сайын, адамды абзал атына сай ететін еңбегі мен мінезі деген сөздің рас екендігін аңғара түскендеймін. - АРҚА АЖАРЫ

Мақаланы дәл осылай атасам ба деген ой келді бірден. Себебі, ұрпағына үлгі бола білген Мәлкен Айтбаевтың ғұмыр жолымен жақынырақ танысқан сайын, адамды абзал атына сай ететін еңбегі мен мінезі деген сөздің рас екендігін аңғара түскендеймін.

 Әке өнегесі

Бәз біреулер опа бермес қазына мен мүлікті аңсауы да мүмкін. Біреуге мансап, тақ мұрат.  Ал, арман жолында әке аманатына дақ түсірмей алып жүру оңай-оспақ шаруа емес. Біздіңше, Мәлкен Айтбаевтың соңында қалған ұлағатты ұрпағы әке аманатына адал бола білген жандар. Ерен еңбегімен елге сыйлы, өзінің өнегесімен көпке үлгі бола білген Мәлкен Айтбаевтың ғұмыр жолы осындай ізгіліктің нұрына шомып тұрғанын байқайсыз. Көкшетау губерниясының №7 ауылында 1918 жылы Мәлкен ата дүниеге келсе керек.

Туған анасы ерте өмірден өтіп, әжесінің тәрбиесінде болды. Бұралаң бұлтарысы көп ғұмыр жолында жан баласының ойлағаны, жоспарлағаны бола бермейтіні бар. Бәрі де жазмыштан әрі аса алмайды ғой. Мәлкен ата өмірдің қиындығын көп көрді. Жетімдіктің де, жетімдер үйінің де суық ызғарын жан-дүниесімен сезінді. Өмір оны еркелетті дей алмаймыз. Алайда, ол осыған қарамастан, жігерсіздік танытып, ез болып ер жеткен жоқ. Керісінше, өмір оны өзі жігерлендірді, қайраттандырды, қанатын қатайтты. Жетімдер үйіндегі мектепте 5 сыныпты тәмамдасымен, Көкшетау қаласындағы қазақ педагогикалық училищеге оқуға түсті. Аталмыш оқу орнын 1937 жылы ойдағыдай тәмамдап, өзінің алғашқы еңбек жолын Қазақ ССР Оқу-ағарту бөлімінің жолдамасымен Атбасар қаласындағы балалар ауруханасының мектебінен бастады. Ал, 1939 жылы Совет Армиясы қатарына өзінің міндетті әскери борышын өтеуге шақырылып, 1940 жылдың желтоқсанына дейін Харьков әскери округының 263-інші жеке байланыс батальонының 25-атқыштар корпусында әскери қызметін атқарды. Ол сұм соғысқа дейін түрлі лауазымды қызметтерден көрініп, абырой биігіне көтерілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда қан майданнан табылып, елді жаудан азат етуге атсалыс-
ты. 1944 жылдың наурызынан 1945 жылдың шілде айына дейін Беларусь майданының, Қызыл тулы, Ленин орденді Бердин 134-атқыштар дивизиясының батареялар взводы командирі болды.
Соғыстан кейін 1946 жылдың 20 наурызында туған елге оралды. Елге оралған соң ол байырғы мамандығы ұрпақ тәрбиелеу ісіне, ұстаздыққа ден қойып, ауыл балаларын білімге баули бастады. Ардақты ұстаз Бұлақ, Баратай бастауыш мектебінің меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып, 1960 жылы Қызылсая орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып қызметке ауысып, құрметті еңбек демалысына дейін аталмыш білім ошағында үздіксіз еңбек етті. 1946 жылы Мәлкен Айтбайұлы Көпей апамызбен шаңырақ көтерді. Жарты ғасырдан астам уақыт бірге отасқан Айтбаевтар отбасында 6 ұл, 5 қыз дүниеге келді. Өкінішке орай, екі ұл, екі қыз жастайынан өмірден өтті. Мәлкен Айтбайұлы мен Көпей апамыз балаларына жоғары білім, өнегелі тәлім-тәрбие бере білді. Қыздарын кұтты орынға қондырды. Төрт ұлы әскер қатарында өз міндеттерін атқарып, ата-ананың үмітін ақтай білді.
Үлкен ұлы Қуанышбай Айтбаев Қызыл тулы Тынық мұхиты теңіз флотында әскерде болды. Әскери міндетін атқарып жүрген жылдары «Боевая вахта» әскери газетіне «Жарайсың, Қуанышбай!» атты мақала жарық көрген. Онда Қуанышбайдың әке ерлігін, даңқын жалғастырып, әкесінің сенімін ақтай алғандығы туралы жазылған. Әскери бөлім алғыс жариялап, қосымша 10 күнге демалыс бергенін әулет адамдары күні бүгінге дейін жыр қылып айтады. Әскерден оралған соң Қуанышбай Мәлкенұлы жоғары білім алып, Келлер ауданында табан аудармастан 22 жыл лауазымды қызмет атқарды. Қазіргі таңда Қуанышбайдың 3 баласы, 6 немересі бар. Қуанышбай аға артынан ерген бауырларына осылайша үлгі бола білді. Талғат, Оразбек, Нұрпейіс те өмір жолдарында ата-ананың абырой беделін асқақтата білді. Сайып келгенде, Мәлкен Айтбаевтың өнегелі ұрпақтары қай жерде жүрсе де өздерінің жағымды мінезімен, кісілігімен, адамгершілігімен, парасаттылығымен елге жаға білсе, осының барлығы алтын ұяда көрген өнеге, ананың ақ сүтімен, әкенің ақ адал күшімен берген тәлім-тәрбие деп білеміз. «Әке көрген оқ жонар…», «Тегі жақсы, тегін болмас» демей ме қазақ. Ана сенімін, әке аманатын ақтаған ұрпақ осындай болса етті.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар