Қысылып барғанымда бетімді қайтармады

Құрметті редакция!
Менің ұлым Самат Қаппасұлы Кенжетаев кішкентайынан І-ші топтағы мүгедек. Ауыр науқасқа шалдыққалы өте қымбат дәрілермен ғана күн көріп келеді.

Оларды алуға басы артық ақшамыз да жоқ. Үнемі тапқан-таянғанымызды соған жұмсап, қарызданып жатамыз. Өйткені, мен айтқан дәрілерсіз баламның денсаулығы тұйыққа тіреледі. Сондықтан, жуырда басқа амалымыз қалмаған соң, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қабылдауында болып, көмек қолын созуын өтіндім. Ол кісі алдына барған мәселемді мұқият тыңдап, қол ұшын беруге тырысатынына әрі хабар өзінен болатынына сендірді.
Енді міне, бүгін Нұрлан Жаңбыршыұлының өз сөзінде тұрып, «Қайырымды ел» республикалық акциясының аясында Достық үйінде өткізілген қайырымдылық аукционы есебінен менің ұлымды да үш айға жететін   дәрі-дәрмегімен қамтамасыз еткеніне  аналық шексіз ризашылығымды білдіріп отырмын. Әрдайым біздің басшылар осылай мен сияқты қатардағы адамдардың мұң-мұқтажына құлақ асып, сенім биігінен көріне берсе екен деймін.

Күләш КЕНЖЕТАЕВА,
мүгедек баланың анасы.
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар