Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауруханалар да жиырма екі «Жедел жәрдем» көлігін алды - АРҚА АЖАРЫ

Ауруханалар да жиырма екі «Жедел жәрдем» көлігін алды

Соңғы жылдары елімізде, оның ішінде біздің облыста денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлініп отыр. Осының нәтижесінде болып жатқан оң өзгерістерді тек медицина қызметкерлері емес, халық та сезінуде. Мұндағы біздің ең басты жетістігіміз – медициналық көмектің қолжетімділігі.
Таяуда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлнәр Құлышева қалалық, аудандық ауруханаларға 22 «Жедел жәрдем» автокөлігінің кілтін тапсырды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қатысты.
– Қазіргі таңда медициналық мекемелердің барлығының материалдық-техникалық базасы нығайып, соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтар, «Жедел жәрдем» автокөліктерімен қамтамасыз етілуде. Бүгінгі шара міне, соның бір айғағы, – деген басқарма басшысы Гүлнәр Құлышева облыс әкіміне алғысын жеткізді.
– Жалпы, ауруханаларға 35 «Жедел жәрдем» автокөлігін сатып алу үшін облыстық бюджеттен 470 миллион теңге қаржы бөлінді. Халыққа дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдайлар жасалынуда. Осы жасалып жатқан игі істің бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауында көрсетілген басымдықтардың аясында жүзеге асырылуда, – деп атап көрсеткен басқарма басшысы облыста денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының жыл өткен сайын еселеп артып келе жатқандығын баса айтып, игі істің әлі де жалғаса беретінін тілге тиек етті.  Медициналық мекемелерді «Жедел жәрдем» автокөліктерімен қамтамасыз ету мәселесіне де облысымызда айрықша көңіл бөлінуде. Жалпы, өткен жылы медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 622,1 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген. Ағымдағы жылы бұл бағытқа 1,7 миллиард теңге қарастырылған.
«Дені саудың – жаны сау» демекші, облысымыздағы емдеу-сауықтыру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту тұрғысында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда.  Иә, мемлекеттің негізгі байлығы – халық, ал, халықтың байлығы – денсаулық. Сондықтан, денсаулық сақшыларының нәтижелі жұмыс істеуіне барынша жағдай жасалуы қуантарлық жай.

 

Ұлмекен Шаменова.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар