Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еліміздің іргелі оқу орнымен меморандумға қол қойылды - АРҚА АЖАРЫ

Еліміздің іргелі оқу орнымен меморандумға қол қойылды

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов бастаған делегация мүшелерін қабылдап, осы оқу орны ғалымдарының Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізетін инновациялық жобаларымен танысты және осы ізгі ниетке қолдау білдіріп, әкімдік пен университет арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Делегация құрамында еліміздің айтулы ғалымдары, мәдениет және қоғам қайраткерлері бар. «Туған жер: парасат және парыз» акциясы аясында өткен жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы тапсырмаларды жүзеге асыру жолдары әңгіме өзегіне айналды. Маңызды құжатта көрсетілген басым бағыттарды дүйім жұртқа түсіндіру мақсатында өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келген оқу орнының делегациясына облыс әкімі алғыс айтып,  университетпен ықпалдастықты дамыту мәселелерін ортаға салды.
– Әлемнің алдыңғы қатарлы 500 жоғары оқу орындарының қатарына енген, еліміздің маңдай алды университетімен өзара ынтымақтастық орнату біздің облысымызға өзінің жақсы жемісін береді деп ойлаймын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлт болашағы – өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселелеріне ерекше назар аударуда, –деді облыс әкімі өз сөзінде.
Кездесу барысында университет ректоры Ерлан Сыдықов сөз алып, Елбасы мақаласында айтылған басым бағыттарға тоқталды.  Жиында университеттің инновациялық парк директоры, техника ғылымдарының докторы Владимир Ким, туризм кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты Азамат Дүйсембаев, электроника және телекоммуникациялар кафедрасының меңгерушісі Шахмаран Сейілов сөз сөйлеп, жаңа жобаларды таныстырды. Атап айтсақ, энергетикалық сервиз келісім-шарты сұлбасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың энергиялық тиімділігін арттыру, түрлендірілген битумды өндірудің инновациялық жолы, балшық шөгінділерін экологиялық таза түрде кәдеге жарату, сондай-ақ, «Алтын сақина» жобасы туралы ғалымдар кеңінен әңгімелеп берді. Әсіресе, ғалым Азамат Дүйсембаевтың туризм саласын дамытуға бағытталған жаңа жобасы ақмолалықтардың қызығушылығын туғызды. Ғалымның пайымдауынша, облысымыздың көрікті өлкелеріне атап айтсақ, Бурабай, Сандықтау, Зеренді, Қорғалжын сияқты аудандарына саяхат жасап, сондағы тарихи жерлерді аралауға, өлкеміздің тыныс-тіршілігі мен тарихына терең бойлауға мүмкіндіктер туғызу керек. Ол үшін этноауылдарды көптеп ашқан қолайлы дейді ол. Келелі кеңес соңында мемлекеттік Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков облыс әкіміне  өз қолынан шыққан рәмізді тарту етті.     
Айта кету керек, биылғы жылы аталмыш университетте білім алатын облысымыздың 10 студентіне облыс  әкімінің арнайы стипендиясы тағайындалатын болады. Осы күні делегация құрамы Зеренді ауданының Березовка ауылында болып, химия кабинетінің жабдығын сыйға тартты.
Облыстық әкімдіктің қолдауымен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде меймандардың қатысуымен «Туған жер: зерде және зерттеу» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Жиынды  аталмыш оқу орнының ректоры, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров ашып, конференцияның құрметті қонақтарымен таныстыра келіп, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есімді 70 жылдық мерейто-йымен құттықтай келе, иығына қазақы дәстүрмен шапан жапты.  Ғалым өз кезегінде университет басшылығына алғыс айтып, Елбасы мақаласында аталып өткен бірқатар басымдықтарға тоқталып өтті.  Конференцияда Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Анатолий Башмаков, мемлекеттік Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков, тарих ғылымдарының докторы Болат Көмеков, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов және тағы басқалары сөз сөйледі.  Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Болат Көмеков өз сөзінде былай деді: «Біздің келген сапарымыз маңызды. Елбасының соңғы жұмысы жай ғана мақала емес, бұл біздің елдік ұранымыз. Өйткені, қай-қашанда да қазақтың зия-лы қауымы ең алдымен руханиятты ойлаған. Руханият бар жерде  тазалық болады. Тазалық бар жерде өріс кең. Сондықтан, бүгінгі  кездесу ғанибетті бір шаруа. Біз ұлы даланың ұланымыз. Қазақтың болмысы дала өркениетінің құндылықтарымен қалыптасқан. Бұл құндылықтар тікелей руханиятқа байланысты. Рухымызды биіктету үшін тарихи сананы қалыптастыру керек. Сондықтан, осы мақалада тарихи жағдайларға көп көңіл бөлініп отыр». Ғалым Серік Негимов болса, әрбір саналы азамат өзінің туған жерінің тарихын біліп қана қоймай, оны зерделеп, зерттеуі керек дегенді баса айтты. Әсіресе, Абылай хан ту тіккен киелі орданың әрбір тау-тасы тарихқа тұнып тұр деді профессор өз сөзінде.  Конференцияда университеттің оқытушылары, айтыскер ақындар Дәулеткерей Кәпұлы мен Серікзат Дүйсенғазиндер жалынды жырларын оқыды.
Конференциядан кейін университет профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбайдың «Әннің елі – Көкшетау» атты ән кеші өтіп, Арқаның ән көгінде әсем әуендер қалықтады.

Ұлмекен Шаменова.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар