Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ғылым таппай мақтанба - АРҚА АЖАРЫ

Ғылым таппай мақтанба

Облыс орталығында Астанада өтетін «EXPO-2017»  халықаралық мамандандырылған көрмесінің қарсаңында  студент жастар мен оқушылардың «Болашақ инновациясы» атты  байқау-көрмесі  болып өтті.
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырəлімова көрмеге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде ғылыми жобалар туралы өз ойын ортаға салды. Ал, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов жас ұрпақтың  білім мен ғылымға көптеп бет бұрып жатқанына ризашылығын білдірді. Солардың бірі –  Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп-гимназиясының  6 сынып оқушысы  Әдият Рахметуллин.
Көрмеге  26 жұмыс қойылды.  Олардың авторлары  жоғары оқу орнында оқитын студенттер, сондай-ақ, мектеп окушылары.  Олар ғылыми жетекшілерімен бірге елімізге және   облысымызға қажет деген дүниелерді ойлап тауып,  болашақта осыған қол жеткізсек екен деген ниетте.  Мәселен, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті  Мадияр Машрап «Көп қабатты автотұрақ» тақырыбында ізденіс танытқан. Осы жұмысы үшін  өткен жылы  облыстық болашақ инновациялық жобалар байқауында  үшінші орынға ие болған екен.  Аталмыш білім ордасының студенті  Айсұлу Шаяхметова  болса,   «Оnline  психологиялық қызмет» деген жобада адамдарға алғашқы болып  көмек қолын созатын  психологиялық қызмет түрін қарастырыпты.   
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев   мемлекетімізде азық-түлік  өнімдері  ішкі нарығының 80 пайызы отандық өнімдерді құрауы тиістігін үнемі айтып келеді. Осы орайда, Әсел Арғын есімді студент  жасымық  дақылын, оны Ақмола   өңірінде сеуіп, өндірудің қаншалықты пайда беретінін зерттеген.  
Ал, Щучинск жоғары техникалық колледжінен келген  білім алушылар  жетекшілері Сұнғат Ысқақовпен  болашақта қазақстандықтардың   тұрмыс-жағдайын жеңілдету үшін арнайы құрылғы  ойлап тапқан. Мәселен, басқа  қалада жүрген көкшетаулық тұрғын  өз үйінің жанып қалған жарығы мен жабылмаған есігін жауып,  баспанасын сырттай қадағалай алады. Айта кетерлігі, осындай құрылғылар  шет мемлекеттерде қолданыста бар көрінеді. Сондықтан да, біздің  елімізде  де мұндай  құрылғыны іске қоссақ,  нұр үстіне нұр болар еді.  
Көрме соңында барлық  қатысушылар арнайы  сертификаттармен марапатталды.
      Назгүл Рабилова.
  Суретте:  көрмеге келушілер Әдият Рахметуллиннің жобасымен танысуда.
      Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар