Ерлік – ұрпаққа ұран

Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 72 жыл толды. Бүгінде қан майданнан  оралған  ардагерлеріміз де азайып барады.

Осы  ардагерлерімізді Қазақстан халқының барлық  жас ұрпақтары құттықтап, ардақ тұтып, әртүрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып, ерліктерін мақтан тұтуда. Осындай игі шаралардың бірі  Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/25 мекемесінде де өткізілді. Оған Зеренді ауданы Гранитный орта мектебінің оқушылары өз үлестерін қосты. Оқушылар ардагерлер мен мекеменің жеке құрамының алдында әскери көріністер көрсетіп, ән мен биден шашу шашты.  Сондай-ақ, осы мерекеге орай, қылмыстық-атқару жүйесінде өз қызметін адал атқарып жүрген қызметкерлер грамоталармен марапатталып, ардагерлерге сыйлықтар тапсырылды.  Жоғарыда айтқанымыздай, уақыт өткен сайын еліміз үшін майданда қан төккен ардагерлеріміздің қатары сиреп барады. Сондықтан,  оларды тек қана осы 9 мамыр – Жеңіс күнінде емес, әрдайым құрмет тұтып, ерліктерін есте сақтап, қастерлеп жүрейік.
Алмат ҚОҢДЫБАЕВ,
ЕЦ-166/25 мекемесінің кадр жұмысы тобының  кәсіби даярлық бойынша аға инспекторы,  
әділет аға лейтенанты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар