Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық бірыңғай тестілеудегі көрсеткішіміз ойландырады - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеудегі көрсеткішіміз ойландырады

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық, халықты  ауыз сумен қамтамасыз ету және жаз айларында орман өрттерінің алдын алу мәселелері қаралып, талқыланды.

Мәжіліс басталмас бұрын облыс әкімі алдымен қатысушыларға жергілікті полиция қызметінің басшысы болып тағайындалған полиция подполковнигі Серік Баймұқановты таныстырып, бұған дейін осы қызметті жемісті  атқарып келген Жанбай Омаровқа алғыс білдірді және сый-сияпат жасады.
Қаралған үш мәселенің ішінен Ұлттық бірыңғай тестілеу мәселесі ұзағырақ талқыланды. Олай болатын реті де бар. Өткен жылы облыс 77,6 баллмен респуб-ликада он бесінші орыннан ғана көрінді. Биылғы жағдай туралы баяндап берген облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова былтырғы олқылықтарды қайталамау жөнінде қарастырылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Биыл ҰБТ-ның жаңа форматта өтетіндігі белгілі. Соған облыс қаншалықты дайын? Мектеп түлектерінің сынақты дұрыс тапсыруларына қолайлы мүмкіндіктер қарастырылып жатыр ма? Әңгіме осы тұрғыда өрбіді. 2016 жылы Есіл ауданын айтпағанда, өзге тест тапсыру пункттерінде осы жұмысты ұйымдастыруда олқылықтарға жол берілген.
Облыс әкімі Көкшетау, Степногорск қалаларында тестілеу көрсеткіші жоғары болуы, олар басқа аудандарға үлгі көрсетуі керектігін орынды  айтып өтті. Ал, былтыр жағдай керісінше болып шыққан. Биылғы оқу жылында мектептерде алдын ала 12 рет тест тапсыру сынағы болып өткен. Соңғы сәуірдегі орташа көрсеткіш 79,5 балл. Бұдан мәжілісте атап көрсетілгеніндей, ҰБТ-да кемі екі-үш балл азаяды. Сонда биыл да былтырғы нәтижені қайталау қаупі бар. Осы жөнінде айта келе, облыс әкімі бұл жағдайдың себеп-салдарына үңілді. Сөйтіп, білімі жақсы мектеп түлектерінің көбі Ресейдің шекаралас облыстарына барып оқуға түседі, соның салдарынан көрсеткіш кемиді деген уәжді қабылдамай, осы олқылықтардың астарына тереңірек бойлауды, сөйтіп, одан тиісті қорытынды шығаруды тапсырды. Бұл мәселе бойынша Аршалы ауданының әкімі Азамат Тайжанов
сөз сөйлеп, жауапты сынға дайындық мәселесін ортаға салды.
Облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай да ұдайы бақылауда болуы керектігі белгілі. Күн тәртібіндегі осы мәселе бойынша облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Азамат Дүйсенов баяндама жасап, басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды айтып берді. Соның ішінде халықтың денсаулығы көбіне-көп ішіп отырған суға байланысты екенін бәріміз де білеміз. Міне, осы орайда басшы 28 елді мекеннің ауыз суды тасып ішетініне тоқталды. Ана бір жылы солай еді, әлі айтарлықтай оң өзгеріс бола қоймаған. Жалпы, қатарынан соңғы бірнеше жылдар Ақмола облысы судың сапасы, дәлірек айтқанда, оның микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштері бо-йынша республикада соңғы орында келеді. Бұған көп елді мекендерде су құбырларының тозғаны, тазарту қондырғыларының аздығы себеп болуда. Дегенмен, соңғы жылдары «Сапалы су», «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламаларының арқасында облыста бұл жағдай біраз түзелген. Оны Жарқайың ауданының әкімі Асқарбек Үйсімбаев,  Шортанды ауданының әкімі Гүлнұр Сәдуақасованың жасаған хабарламалары да аңғарта түсті.
Мәжілісте облыстық табиғи ресурс-тар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкіров орман шаруашылығы және өртке қарсы күрес жұмыстарының барысынан есеп берді. Облыс жерінің 2,6 пайызы ғана орман. Ал, аз ағашты өрттен дұрыс қорғау басты мәселенің бірі болса керек. Баяндамада осы туралы баса айтылды. Атқарылған жұмыстар бар. Соның нәтижесінде былтыр орман өрттері көп мазаламаған. Жыл басынан бері үш өрт шығу оқиғасы орын алып, олар да тез сөндірілген. Бірақ, осыған мейлінше сақ болатын кез әлі алда. Бұл мәселе бойынша жарыссөзге қатысқан Зеренді ауданының әкімі Асқар Мұратұлы ауылдық округтерде 6 өрт сөндіру жасағы барын, тағы бірі Ортақ ауылында құрылатынын айтты.
Облыс әкімімен алға қойылған міндеттер негізге алына отырып, мәжіліс әрбір мәселе бойынша тиісті қаулы қабылдады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар