Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дайындықты аяқтау қажет - АРҚА АЖАРЫ

Дайындықты аяқтау қажет

Өткен сенбі күні облыс әкімі Мәлік Мырзалин кезекті жұмыс сапарымен Бурабай кентінде болып, курортты аймақтың жазғы демалыс маусымына және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қатысушылары мен қонақтарын қабылдауға дайындықтың барысын бағамдап көрді.

Щучинск-Бурабай курортты аймағында болған облыс әкімі алдымен Абылай хан алаңын аралады. Алаңда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі аудан және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының басшылығына алаңда ескі тақтайшаларды алып, орнына электронды лэд экрандар орнатуды, гүлдерді жиі егіп, табиғи газондарды қалпына келтіруді тапсырды. Абылай хан мұражайына да қосымша сөрелер қойып, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорындағы жəдігерлермен толықтыру жəне қазіргі заманғы ақпараттық тақтайшалармен қамтамасыз ету қажет. Қазіргі кезде аталмыш мұражай өз қорынан Бурабайға облыстың тұрмыс-тіршілігі, тылсым тарихынан сыр шертетін 100-ге жуық жәдігер жеткізуге дайын.
Одан әрі аймақ басшысы Бурабай кентін көркейту бағытында қолға алынған көшелерді жөндеу және абаттандыру жұмыстарына назар аударды. «Береке» орталық базары мен жағажай аумағын туристік маусым кезінде тазалау, санитарлық эпидемиологиялық жағдайды ұдайы бақылауда ұстау және қоғамдық тəртіпті  сақтауды қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Әсіресе, мау-
сым кезінде мұндағы қонақ үйлердің бөлмелері мен жалдамалы пәтерлердің ақысын айтпағанда базардағы азық-түлік бағасының аспандап кететіні белгілі. Сол себепті, баға тұрақтылығын бақылауға алу, халық көп жиналатын аумақтарға бейнебақылау камераларын орнату мәселелері де ұмыт қалған жоқ.
– Бурабай баурайында демалушыларға сапалы қызмет көрсетіп, талапқа сай жағдай жасау үшін жұмысты ширату қажет. Дайындықты мамыр айының соңына дейін тап-тұйнақтай етіп аяқтаған ләзім, – деді облыс әкімі өз сөзінде.
Сонымен қатар, «Риксос» қонақ үй кешенінің ЭКСПО-ға дайындығы мен гольф клубтың құрылысына көңіл бөлді. Бүгінгі таңда курортты аймақта гольф клубы салынып жатыр. Жұмыс сапары соңында облыс әкімі жақында өрт шалған Бурабай мешітінде болып, қалпына келтіру бағытында қолға алынып жатқан жұмыс барысын бағамдады.

Бурабай ауданы.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар