Әскери техника сенімді

 

Ұлттық Ұлан 5510 әскери бөлімінің қару-жарағы мен техникасы жылдық техникалық байқаудан өтті.

 

Бұл жолы Астанадан келген «Орталық» өңірлік қолбасшылықтың тексеру комиссиясы мен әскери полиция қызметкерлері техниканың кем-кетіктерінің бар-жоғын тексеріп, сапасына назар аударды. Мұндағы басты мақсат әскери техниканың кез-келген жауынгерлік шараларға сақадай сай тұруын қамтамасыз ету. Бүгінде 5510 әскери бөлімінің техникалық қамтылуы 60 пайызды құрайды. Биыл осы мәселеге ерекше мән беріліп, қосымша әскери көліктер сатып алу жоспарланып отыр.
– Біздің әскери техникалар негізінен қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысып, уақытша қамауға алынғандар мен сотталғандарды тасымалдау, сот процестеріндегі қауіпсіздік мәселесін қамтамасыз етуде қолданылады. Сондықтан, олардың техникалық жағынан қамтамасыз етілуі аса маңызды. Биыл әскери бөлім тағы қосымша жаңа техникалармен толығатын болады, – дейді 1-ші рота командирі Архат Серікбаев.
Жалпы, бақылау нәтижесі көрсеткендей, 5510 әскери бөлімінің техникасы өз міндетін орындауға бейбіт күндері де жүз пайыз да-йын тұр. Осындағы «БТР» мен  «Федерал» әскери көліктері роталық және полктік оқу-жаттығу жұмыстарына белсенді қатыстырылуда, сондай-ақ, республикалық деңгейдегі түрлі байқауларда үздіктер қатарынан көрініп, мамандар тарапынан жоғары бағалануда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар