Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ғылым мүмкіндігі – ел игілігіне - АРҚА АЖАРЫ

Ғылым мүмкіндігі – ел игілігіне

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин жұмыс сапарымен Шортанды ауданында болып, А.Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталықта астықтың жаңа тұқымдарын дайындаумен және аудан орталығы Шортанды селосын көгалдандыру және абаттандыру жайымен танысты.

– Ғылыми-зерттеу және тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін  базалық инфрақұрылым талапқа сай қалыптасқан,–деп атап өтті орталық басшысы Жексенбай Қасқарбаев, – бидай және майлы дақылдардың, көпжылдық екпе шөптердің әлденеше түрлерін будандастыра отырып, түсімі мол жаңа сорттарды дайындау үстіндеміз. Мұндай ғылыми қуаты жаңа сорттарды дайындауға толық жететін орталық елімізде біреу ғана. Біздің диқандарымыз «Ақмола 2» және «Астана» тәрізді бидай сорттарын жоғары бағалайды. Бұл сорттардың кез келген жылдары қамырлылығы өте жоғары болады. Сонымен бірге, «Шортанды жетілдірілген 95» тұқымы да, арпаның «Астана 2000» және «Целинный 2005», күнбағыстың «Сочинский» тұқымдары тәуір бағаланып жүр.Ғылыми орталықтың негізгі тұтынушылары Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары.
– Елбасының тапсырмасына орай, облыстағы ауыл шаруашылығы секторын одан әрі дамыту негізгі міндеттердің бірі. Ол үшін ғылымның бар қуатын пайдалана отырып, өнім көлемін арттыру қажет, – деді Мәлік Мырзалин, – жаңа заманда ғылым мен өндірісті тығыз байланыстырып, ауыл шаруашылығының дамуына берік негіз қалануы қажет. Жаңа технологиялар  мен озық тәжірибелерді игеріп, ауыл шаруашылығы тауарларының сапасын арттырып, санын да көбейтуге әрі ол жолда диқандардың мүмкіндігінше аз шығынмен жұмыс істеуіне қол жеткізуіміз қажет.
Өңір басшысы ғалымдарға әрбір аудан үшін жеке-жеке, көктемгі егістің өзіндік ерекшеліктерін, табиғатының, топырақ құнарының әртүрлі екендігін ескере отырып, арнайы бағдарлама дайындауды тапсырды.
«Петровский» акционерлік қоғамының егіс алқаптарында ауыл шаруашылығы құрылымдарының жетекшілерімен кездес-кен сәтінде Мәлік Кеңесбайұлы тұқым, техника, механизаторлардың орташа еңбекақысы туралы сұрап білді.
Аталмыш акционерлік қоғам мамыр айының 28-іне дейін негізгі дақыл бидайды сеуіп бітірмек. Егіс науқанына жоғары өнімді «HORSCH» фирмасының егіс кешендері қатыстырылуда. «Нұр Астық», «Новокубанский» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жетекшілері өз шаруашылықтарындағы машина-трактор паркінің дайындығы, жанар-жағармай қоры, агротехникалық талаптарды қатаң сақтау мәселелері туралы жағдайды баяндап берді.
Шортанды селосында Мәлік Мырзалин көшелердің санитарлық тазалығы мен көгалдандыру жайына көңіл бөлді. Орталықтағы  Дзержинский көшесін күрделі жөндеуден өткізуге қаражат бөлу туралы Шортанды ауданының әкімі Гүлнұр Сәдуақасова мәселе көтерді. Мәлік Мырзалин
бұл өтініш таяу арада қарастырылып, шешіледі деп уәде берді.
 Алексей ЧАЙКА.
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар