Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балалар ұйымдары бас қосты - АРҚА АЖАРЫ

Балалар ұйымдары бас қосты

 

Көрікті Бурабай баурайында  «Біз ХХІ ғасырдың балаларымыз, біздің мүмкіндіктеріміз бен құқықтарымыз» тақырыбымен балалар ұйымдарының VII саммиті өткізілді.

 

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен республикалық «Жұлдыз» балалардың қоғамдық ұйымдары одағы»  қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен және облыстық білім басқармасының қолдауымен өткен шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып отыр. Оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» партиясы өкілдері, зерттеушілер, балалардың қоғамдық бірлестігінің көшбасшылары, мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығы, мұғалімдер, психологтар, түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.    
«Мұндай шаралар балаларға арналған ұйымдар балғындардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға зор мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық отансүйгіштікті, әлеуметтік және бастамашыл құзыретті азаматтың бет-бейнесін қалыптастыру болып табылады. Бұл Елбасы мақаласында көтерілген мәселелерді іске асырудың бірден-бір жолы», – деп атап өтті республикалық «Жұлдыз» балалардың қоғамдық ұйымдары одағы»  қоғамдық бірлестігінің президенті Елена Дмитриенко. Үш күн бойы ұйымдастырылған саммитте Ақмола облысындағы 30-дан астам балалар ұйымдарының өкілдері үшін түрлі қызықты шаралар өткізілді.
Саммиттің алғашқы күнінде Ақмола облысы мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері «Адал ұрпақ-2017» слетін ұйымдастырды. Одан әрі «ХХІ ғасырдың балалары мәдениет пен бейбітшілік жолында» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты. Онда балалар ұйымдарының жетекшілерінің өз тәжірибелеріне сүйене отырып, жастардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы жасаған баяндамалары тыңдалды.
Игі шара ересектер мен балаларды марапаттау және көшбасшылардың балымен мәресіне жетті.
Аслан НЫҒМЕТЖАНҰЛЫ.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар