Жұмысшы кәсібінің мәртебесін асырды

 

Ресей Федерациясының Краснодар қаласында кәсіптік-техникалық  колледждердің оқушылары арасында өткен бірінші Еуразиялық чемпионатта жерлестеріміз  жеңіс тұғырынан көрінді.

 

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Жұмысшы мамандықтарының әлеуетін арттыру үшін ұйымдастырылған байқаудың маңыздылығына облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов тоқталып, чемпионат ең алдымен, облыстық, республикалық деңгейде өтіп, одан үздік деп танылғандар Ресей Федерациясында ұйымдастырылған байқауға қатысуға жолдама алғандығын айтты.
Елордада өткен чемпионатқа 300-ге жуық оқушы қатысқан. Олар 30 аталым бойынша өзара бақ сынасты.  Облыс командасы жарыстан 8 алтынмен, 1 күміс және 7 қола медальмен оралды. Бұл өте жақсы нәтиже.
Байрақты додада Ресейдің Краснодар қаласында өткен бірінші Еуразиялық Worldskills  чемпионатына жолдама алған Көкшетау жоғары колледжінің білім алушысы Анатолий Тыщенко жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Ал, №1 құрылыс-техникалық колледжінің оқушысы Анна Бобылова, Краснояр кентіндегі №3 агротехникалық колледжінің оқушысы  Валерий Онищенко  және Көкшетау жоғары колледжінің білім алушысы Диас Дулат  үшінші орынды иеленіп, ел абыройын асқақтатты. Краснояр кентінің №3 агротехникалық колледжінің оқытушысы Ержан Қасымның айтуынша, Ресейде өткен байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Оқушылар өздеріне мол тәжірибе мен ұмытылмас  жақсы әсерлер алып қайтты. Отырыс соңында байқау жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табыс етілді.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар