Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жас ұрпақ шаттығы - АРҚА АЖАРЫ

Жас ұрпақ шаттығы

 

1 маусым – Халықаралық  балаларды қорғау  күніне орай, облыс орталығында тұңғыш  рет  балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі болып өтті.

 

Шеру Абай  мен Пушкин көшелерінің  қиылысынан бастау алып, Тәуелсіздік  алаңына дейін созылды. Шаттық лепке толы шерудің шеңберінде дауылпаздар, барабаншылар, қазақ және орыс халық аспаптарының ансамбльдері  және би ұжымдары жүріп өтті. Ел назарын өзіне аударған, бұрын соңды болмаған шеруге 3 мыңға жуық бала қатысты.  Сонымен қатар, 75 шығармашылық ұжым өнер көрсетті.
Мерекелік шара «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру аясында  рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру, жастардың шығармашылығын  қолдау және  дамыту мақсатында ұйымдастырылған.
Қала көшелерінде сап түзеп өткен шеру қатысушылары Тәуелсіздік алаңына бет бұрып,  көпшілік назарына   «Әлем балалардың көзімен» тақырыбында  театрландырылған көріністі  ұсынды. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қатысып, балаларды құттықтап, өзінің ізгі тілегін жолдады.  Балғындар  «Біздің күшіміз бірлікте», «Болашақтың энергиясы», «Балдәурен» тәрізді  қойылымдарды  қызығушылықпен тамашалап,  бишілермен   бірге би де  билеп жатты.   Қатысушылардың әсем киімдерінен,  ұжымдаса ымыраласып, барлығы бір адамдай ынтымақтасқан талабынан-ақ аса жауапкершілікпен дайындалғаны байқалады. Айта кетерлігі,  мейрамға Степногорск қаласы, Бурабай, Атбасар, Сандықтау  аудандарының  жастары  да қатысып, лайықты өнер көрсетті.  
–  Көкшетау қаласында тұрғаныма биыл 17 жыл. Бірақ, осындай Халықаралық балаларды қорғау  күніне орай шеру болғанын  алғаш рет көріп отырмын. Немерелерім де дән риза. Бұл бастама  енді  жыл сайын ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болар еді, – деп  қала тұрғыны Қалима Бекайдарқызы  өз ойын білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар