Желбіре, Туымыз, шырқал, Әнұран!

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ішкі саясат басқармасы мемлекеттік рәміздер жөнінде брифинг өткізді.

 

Басқарманың қоғамдық-саяси жағдайларды талдау бөлімінің басшысы Оксана Салахованың айтуынша, мемлекеттік рәміздерімізді  дайындауға байланысты жүргізілген ауқымды жұмыстар жөнінде бүгінде екінің бірі біле бермейді. Мәселен, Мемлекеттік Туды жасау жөнінде конкурс жарияланып, оған көптеген үміткерлердің қатысқандығы, жүзден жүйрік шыққан жоба ғана талқылаудан өтіп қабылданғаны бүгінде тарих болып алыста қалды. 1992 жылы Мемлекеттік Туға қатысты 453 кескіндеме сызбасы мен түрлі ұсыныстар айтылған 142 хат түскен екен. Сол жүздеген ұсыныстардың арасынан суретші Ш.Ниязбековтың авторлық ұсынысы мақұлданып, қабылданған еді.
Елтаңбаға қатысты да 254 кескіндеме мен  67 ұсыныс түріндегі хат түсіп, жүзден жүйрік шыққан сәулетші Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлихановтың жобалары қабылданған болатын. Әнұранға қатысты 750-ден астам әндер мен музыкалар түссе, солардың арасынан Е.Рахмадиевтің сазы таңдалған. Дегенмен, Әнұранымыз 2006  жылы қайта өзгертіліп, композитор Ш.Қалдаяқовтың халық арасына кең танылған «Менің Қазақстаным» әні негізінде жаңа Әнұран қабылданды. Әнұранның сөзін жазған ақын Ж.Нәжімеденов пен Мемлекет басшысы Н.Назарбаев.
2007 жылдың 4 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңына 2015 жылы бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған орай, мемлекеттік рәміздеріміздің стандарттары біршама өзгеріске ұшырады. Қазіргі күні мемлекеттік рәміздерімізді қолдану осы заң шеңберінде жүзеге асырылуда.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар