Екі жақ та баспана мәселесіне мүдделі

 

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин өңірімізге жұмыс сапарымен келген «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының өкілдерімен кездесіп, аймақта «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асырудың мүмкіндіктерін қарастырды.

 

«Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова бастап келген банк өкілдерімен өткен кездесуде аймақ басшысы ел игілігіне айналар, халыққа шарапаты тиер іске әрдайым дайын екендігін білдірді.
– 2012-2016 жылдар аралығында облыс аумағында тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының салымшылары үшін  51,7 мың шаршы метр немесе 600 пәтер пайдалануға берілді. Жыл басынан бері «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарламада баспана мәселесін шешудің жаңа тиімді жолдары қарастырылған, – деді облыс әкімі өз сөзінде.
Кездесуде банк басшылығы өз мүмкіндіктері арқылы «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысатындықтарын айтып өтті. Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың сөзіне қарағанда,  еліміздегі тұрғындардың көбі «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының салымшылары. Оларды сапалы әрі арзан баспанамен қамтамасыз етуге банк те ынталы.
– Статистикалық деректерге қарағанда Қазақстанда тұрғын үй салу бойынша өткен жылы рекордтық көрсеткіш, яғни, 10,2 миллион  текше метр баспана пайдалануға берілді. 2017 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 3,2 миллион текше метрді құрады. Ал, Ақмола облысына келетін болсақ, жыл соңына дейін барлығы 400-500 пәтерді пайдалануға беру көзделген. Осыдан-ақ, қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуде «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының  рөлі зор екенін аңғаруға болады. Жалпы, облыстарыңыздың əрбір тоғызыншы тұрғыны біздің банк салымшысы. Оларды баспанамен қамтамасыз ету біздің міндетіміз, – деді басқарма төрайымы.
Кездесу соңында облыс әкімі Мәлік Мырзалин мен «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

«Арқа ажарының»  өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар