43 балаға көмек көрсетілді

 

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларындағы балаларға 500 мың теңгеден астам гуманитарлық көмек көрсетілді.

 

Бұл жолы сандықтаулық балаларға республикалық «Асыл бала» қауымдастығы қол ұшын созып отыр. Қауымдастықтың атқарушы директоры Гүлзат Асанованың айтуына қарағанда, 43 балаға киім-кешек, кеңсе тауарлары тәрізді жаңа оқу жылына қажетті керек-жарақтар сатып әперілген.
Осы күнге дейін аталмыш қор арқылы рес-публика бойынша тасқын судан зардап шеккен отбасыларындағы балаларға көмек ретінде 13 миллион теңге қаржы бөлінген. Оның 6 миллионға жуығы Ақмола және Қарағанды облыстарына берілетін болады. Жалпы, облыстарға бөлінген қаржының негізгі бөлігі жаңа оқу жылының қажетіне жұмсалмақшы.

Аслан ОСПАНОВ.
Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар