Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Батыр Мәлікке Астанада ескерткіш қойылуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Батыр Мәлікке Астанада ескерткіш қойылуы керек

 

Сенат депутаты Жабал Ерғалиев Парламенттің пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдап, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллинге Астана қаласында ескерткіш қою мәселесін көтерді.

 

– Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Елбасының қолдауымен 2015 жылы халқымыздың біртуар ұлы перзенті Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 100 жыл толуын лайықты атап өтуде және оны тәуелсіз еліміздің бүгінгі әрі болашақ ұрпақтарының естерінде мәңгі қалдыруда бірсыпыра игілікті істер атқарылды,–делінген сенатордың сауалында. – Кешегі күркіреп өткен Ұлы Отан соғысында панфиловшылар құрамында тамаша ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атанған, Кеңестер Одағы мен Ресейдің Ғылым Академияларының академигі, Қазақстанның ғылымына еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, әдебиет зерттеушісі, педагог, филология ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 1951-1963 жылдары Алматыдағы Абай атындағы қазақ педагогика институтының ректоры, 1963-1970 жылдары Қазақстанның Ғылым Академиясының Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушісі, бірнеше мәрте Қазақстанның және Кеңестер Одағының Жоғарғы Кеңестерінің депутаты болған, көрнекті қоғам қайраткері, халқының жүрегінде үлкен із қалдырған Мәлік Ғабдуллинің есімі мен ерлігі, адамгершілік қасиеттері өз тұсында аңызға айналған болатын.
Жыр алыбы Жамбыл «Батырым Мәлік өренім»,– деп Мәлікке өзінің баласындай мейірі түссе, Мәлік те қарт жырауды өзінің әкесіндей қадірлеген еді. Батыр Бауыржанмен арадағы сыйластығы және де қос батырдың бірін-бірі қорғап та, қолдап та бұл өмірден тамаша бір сыйластықпен өткендіктерін де, Дмитрий Снегиннің Мәлік Ғабдуллиннің  ерлігі мен тамаша адамгершілік қасиеттері жайында жазып кеткен шығармаларын да қалың жұртшылық әбден білер  деп ойлаймын. Орыс жазушысы Борис Полевой 1943 жылдың 25 сәуірдегі «Правда» газетінде «Эпостың тууы» атты атақты очеркін жариялап, Мәлік Ғабдуллиннің Мәскеуді қорғауда көрсеткен ерлігін айдай әлемге паш етіп, тамсана жазған-ды.
Көрнекті қоғам қайраткерінің және атақты ғалымның ерлігі мен зор адамгершілік қасиеттері мен отансүйгіштігін, қарапайымдылығын ендігі арада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегіндегі қағидаттарға сай насихаттаудың жаңа мүмкіндігі туып отыр. Осы орайда, Астана қаласында Мәлік Ғабдуллинге ескерткіш қою мәселесі де ойластырылғаны жөн болар еді. Көкшетау қаласындағы Батырдың республикалық мұражайы талапқа сай жауап беретін осы заманғы қор сақтау қоймасына да зәру болып отыр. Бұл мәселенің оң шешілуін қалаймыз.
Кезінде депутаттық сауалымызға орай тәуелсіз еліміздің әскери бір бөлімшесін Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің есімімен атау қажет деген ұсынысымызға орай 2014 жылғы 14 қаңтардағы Үкіметтің  берген жауабында  Сарыөзек қалашығындағы әскери бір бөлімшені (№12740)  Мәлік Ғабдуллиннің атымен атаймыз деген  жауабы да аяқсыз қалып келеді.
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің есімі мен ерлігін Мәңгілік елдің мәңгілік ұрпақтарының санасында қалдыруға қажетті игі істер әлі де өз жалғасын табар деген сенімдеміз.
Сенат депутаты    Жабал Ерғалиев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар